Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет500/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«теңіз толқиды» 
(жүру, ирелең жол салып жүгіру)
Қатысушылар арасынан ойын бастаушы таңдап алынады. Қалғандары бір-бірінен бір 
қадам қашықтықта дөңгелене тұрады және әрқайсысы өз орнында шеңбер сызады. Бастаушы 
«теңіз толқиды» деп айтып, ойыншыларды айнала «жылан» жүріспен жүреді де, балалар 
оның артынан бір-бірінен ұстап, біртіндеп тізбек құра ереді. Бастаушы «теңіз тынышталды» 
деген кезде, балалар қолдарын жіберіп, өз орындарына қайта жүгіреді. Шеңберсіз қалған бала 
бастаушы болады.
«Ордағы қасқыр»
(секіру, батылдық, ептілік) 
Алаңның ортасынан аралығы 80–100 см қатар сызық сызылады. Бұл – қасқыр жатқан 
ор. Алаңның шетінде ешкінің қорасы белгіленеді. Бір бала «қасқыр» сайланады, қалғандары – 
«ешкілер». «Ешкілер» сызықтың бір жағында жайылып жүреді. «Қасқыр» орға кіреді. «Қасқыр 
орда» дегенде, «ешкілер» ордан секіріп, алаңның екінші жағына өтуге тырысады. Ал «қасқыр» 
оларды ұстауға (қол тигізуге) тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген «ешкілер» 
қайтадан жүгіреді. Қолға түскен «ешкілерді» ордың бір бұрышына апарады.
«қимылды тап!»
(шыдамдылық, бастамашылдық, ойлау қабілеті) 
Балалардың арасынан біреуі таңдап алынады да, ол 8–10 қадам қашықтыққа барып 
теріс қарап тұрады. Балалар қандай қимыл жасайтындарын келісіп алады. «Болды» деп белгі 
берілгенде, ол бері бұрылып, жақын келеді де:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қайда болдыңдар? Не көрдіңдер?
Балалар былай жауап береді:
– Не көргенімізді айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз.
Балалардың барлығы қандай да бір қимыл-қозғалыстарды көрсетеді (баян тартады, атпен 
шабады т.б.). Ойын бастаушы бұл қимылдарды табуы тиіс.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет