Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет503/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

 «қорықпа, алға!»
Балалар екі топқа бөлінеді. Қатарға тұрып, бір-біріне бетпе-бет алаң ортасында тұрады. 
Бірінші белгі берілгенде, бір топ қарама-қарсы бүйірге бұрылып, бір орнында адымдайды, 
екінші топ қатармен алға жүреді. Екінші белгі берілгенде, орындарында адымдап тұрған 
балалар бұрылып, қатарымен алға жүрген балаларды ұстайды. Олар өз орындарына тез 
қашады. Ойын қайталанады. Балалар орын алмасады. Қатарында бала аз ұсталған топ жеңеді.
«Көмектес!» 
Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Таңдап алынған екі бала шеңберден шығып 
қашады: бірі қашып, екіншісі қуады. Қашқан бала шеңберде тұрған кез келген баланың артына 
тұрады да, оған «Көмектес!» деп айтады. Өзінен көмек сұраған бала шеңберден жүгіріп шығуы 
тиіс. Ол да қашып жүріп шеңбердегі баланың бірінің артына тұрып көмек сұрай алады. Егер 
бала біреудің артына тұрып үлгермесе, ұсталып қалады. Ойынды қайталағанда басқа екі бала 
таңдалады.
«Көбелек ұстау»
Балалардың арасынан төрт қуғыншы сайланады. Олар жұптасып, алаң шетіне шығады. 
Қалған балалар – «көбелектер». Педагог: «Көбелек-ау, көбелек, бақшамызға келе кет!» дегенде, 
балалар «көбелек» болып ұшып, алаңда жүгіріп жүреді. «Қуғыншылар» дегенде, қуғыншы 
рөліндегі екі бала қол ұстасып, көбелекті ұстап алуға тырысады: екі жақтап көбелекті қоршап 
алады. Қуғыншылар көбелекті ұстап алса, шетке шығарып отырғызады. «Көбелек-ау, көбелек, 
алаңқайға келе кет!» деген кезде, «көбелектер» алаңда жүгіріп жүреді. Оларды қуғыншылардың 
басқа жұбы ұстауға тырысады. 4–6 көбелек ұсталғанда, әр жұптың неше көбелек ұстағаны 
анықталады. Содан кейін басқа балалар қуғыншы болады. Ойын қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет