«Мөңке балық және шортан»
(жүгіру)
Балалардың бірі шортан болады, қалғандары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ шеңбер
жасайды. Олар – тастар, екінші топ – мөңке балықтар, олар шеңбер ортасында «жүзіп»
жүреді. «Шортан» шеңбер сыртында болады. Педагог «Шортан!» дегенде, «шортан» жылдам
шеңберге өтіп, «мөңке балықтарды» ұстап алуға тырысады. «Мөңке балықтар» тастың артына
жасырынбақ болып, ойыншылардың бірінің артына тез барып отыруға тырысады. «Шортан»
шап беріп ұстаған «мөңке балықтар» шеңберден шығып қалады. Ойынды келесі «шортан»
жалғастырады. Ойын соңында «мөңке балықты» кім көп ұстағаны анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |