Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет491/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«Аяғыңды жерге тигізбе»
(жүгіру, шыдамдылық) 
Ойын бастаушы таңдап алынады. Қалған ойыншылар жан-жаққа бытырайды. Ойын 
жүргізушіден сақтану үшін олар аяғын жерге қоймауы тиіс. Ол үшін балалар қандай да бір 
заттың үстіне шығады, отырады, аяғын жоғары көтеріп шалқадан жатады. Мұндай кезде ойын 
бастаушының оларды ұстауға құқы жоқ. Егер балалардың аяғы жерге тиіп тұрса, қолға түседі. 
Ұсталған бала ойын бастаушымен орын алмастырып, ойын жалғасады.
«Ғарышкерлер»
(жүгіру, іс-қимылды үйлестіру) 
Залдың немесе алаңның бұрыштары мен жан-жақтарына зымырандар сызылады. 
Ойынға қатысушылар залдың ортасындағы дөңгелекке тұрады. Олар бір-бірінің қолынан 
ұстап, мына сөздерді айтады: «Бізді үлкен зымырандар күтуде. Қайсысын қаласақ, сонымен 
ұшамыз. Ал, кешіккендерге орын жоқ!». Осыдан кейін бәрі де зымырандарға қарай жүгіреді. 
Әр зымыранның ішіне бес шеңбер сызылған. Бұл – балалар отыратын орын. Бірақ зымыранда 
орын саны бала санынан аз. Зымыранға кешіккендер ортақ шеңберге тұрады. Оларға қандай да 
бір жаттығуды көрсету жүктеледі.
«Ақ аюлар» 
(жүгіру, ептілік) 
Залда «мұз» белгіленеді. Оның үстінде аталық және аналық Аю тұрады. Қалған 
ойыншылар қонжық болады. Олар әрі-бері жүгіріп жүреді (теңізде шомылып жүреді). Белгі 
берілгенде, екі аю «мұзға» шығарып отырғызу үшін қонжықтарын ұстай бастайды. Ұстағанда, 
екі қолдап ұстағанда ғана қолға түскен болып саналады. Екі аю «мұз» үстіне екі қонжықты 
ұстап әкелген соң, олар ата-анасына өз «бауырларын», яғни қалған қонжықтарды ұстауға 
көмектеседі. Ұстатпай соңғы екі қонжық қалғанша ойын жалғасады. Олар ең епті болып 
саналып, келесі ойында ойын жүргізуші болады. Қонжықтарға ұсталып қалған кезде, өзін ұстап 
алған аюлардың қолын ажыратып, қашып құтылуға талпынуға болмайды. Ал ұстаушы аюлар 
қашып жүрген қонжықтарды қолынан шап беруге және киімдерінен ұстауға рұқсат етілмейді. 
Алаң сыртына қашып шығуға болмайды (мұндай ойыншылар ұсталған болып саналады).
«Жапалақ»
(жүгіру, өрмелеу, тепе-теңдік) 
Ойынға қатысушылардың арасынан біреуі – «жапалақ», қалған балалар – құс, 
қоңыз, көбелек болады. Жапалақ ағашқа шығып тұрады (гимнастикалық қабырғаның 3-4 
тақтайшасына), қалған балалар қанаттарын қағып, ұшып жүреді. Педагог: «Түн» дегенде, 
құстар мен жәндіктер өз орындарында қозғалмай қатып қалады. Жапалақ оларды айналып 
аулауға кіріседі. Балалардың бірі жыбырласа, соны жапалақ өз үйіне алып кетеді. Педагог: 
«Күн» дегенде, жапалақ қайтадан ағаш басына өрмелеп шығады. Ұсталғандар арасынан 
«жапалақ» сайланып, ойын жалғасады.
«құстар ұшады» 
(өрмелеу) 
Залдың бір жағында балалар тұрады – олар «құстар». Залдың екінші жағында ұшып келіп 
қонатын ағаш ретінде (гимнастикалық орындықтар, шаршылар және т.б.) түрлі жабдықтар 
тұрады. Педагог: «Құстар ұшады!» дегенде, балалар қолдарын қанат секілді сермеп, залда 


221
жүгіреді. «Боран!» дегенде, ағаштарға шығып жасырынады. «Боран тоқтады» дегенде, балалар 
биіктен түсіп, зал ішінде тағы жүгіре бастайды (құстар ұшуын жалғастырады). Ойын кезінде, 
әсіресе төмен түсу кезінде, педагог міндетті түрде балаларды сақтандыру шараларын жүзеге 
асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет