міндетті шарттарының бірі –
бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы .
Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын
салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың
құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
– педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға
мүмкіндік беретін
оқу мақсаттары жүйесінің болуы; –
оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті
қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау; – балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған
тақырыптық оқу мазмұнының болуы; –
пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі; – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін
қамтитын
әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету. Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде
қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып:
«Өзім туралы»; «Менің мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт- дәстүр және фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың – жаны сау» атты бөлімдер
негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша ОӘК
авторлары да 8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8
ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар: