(Ұ, т) № 2 тапсырма. «Ең жылдам»
Бір қатарға арақашықтығы 70 см аралықта қойылған
кедергі заттар арасынан жүгіру.
№ 3 тапсырма. «Ең пысық»
Бір-бірінен 70 см аралықта орналасқан кедергі заттар
арасымен қос аяқтап секіру. Нұсқау – демді іште ұс-
тамай, жеңіл секіру, сол жақ пен оң жақтағы кедергі
заттардан айналып өтіп, өз тобына кері жүгіріп келу.
Екі аяқтап бар пәрменмен секіруге, жерге аяқтың
ұшымен түсуге назар аударады.
№ 4 тапсырма. «Ең епті»
Бір қатарға аралығы 1 метр қашықтықта орна-
ластырылған кедергі заттар арасымен фитболды дома-
лату.
Нұсқау – фитболды қатты күш салмай саусақтармен
алға домалату. Кедергі заттарды құлатпаған топ
жеңіске жетеді.
№ 5 тапсырма
Топтарға қатардағы кедергі заттардан мұнара
құрастыру тапсырылады. Топтың бірінші ойыншысы
қозғалыс сызығына жақын затты алып, қалғанын
жылан жүріспен айналып өтеді де, затты шеңберге
қояды. Содан кейін артқа тура бағытта жүгіріп барып,
келесі балаға алақанымен шапалақ ұрып эстафетаны
береді. Екінші ойыншы екінші затты алып, қалғанын
жыланша айналып өтіп, затты заттың үстіне қояды.
Осылайша 5 ойыншы мұнара тұрғызғанша ойын
жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |