124
в) ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық еңбек қатынастары
жүйесі 90-95%-ға қамтамасыз етіледі;
г) зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының
барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етіледі;
д) елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70%-ы
коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады.
Бесінші түйінді бағыт – ұлтаралық келісім, қауіпсіздік
халықаралық қатынастардың тұрақтылығы, ішкі тұрақтылықты
қолдау. Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен
келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын
сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді.
Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі бес түйінді бағыты негізгі
ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады.
Бұл стратегиялық жоспар елдің «Қазақстан-2030» бас
стратегиясының негізгі идеясын жүзеге асырудағы шешуші кезең
және соның нақтылы бағыттары мен көрсеткіштерін орындауда
ерекше рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар ол стратегиялық
басқару тек жәй болжамы ғана емес екенін және ол қамтитын
үдерістер мен үрдістер өмірдегі шынайы құбылыстар екенінің
айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: