Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет88/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   177
«Ғылыми менеджмент» мектебі
«Классикалық» («ғылыми менеджерлеу мектебі») кез келген 
ұйымды басқаруға жарайтын басқару қағидаларын әзірлеуге 
ұмтылды.
Бұл мектеп ең алдымен Ф. Тейлордың есімімен 
байланыстырылып аталады (ХХ ғ. басында). Оның негізгі теориялық 
ережелері «Управление фабрикой» (1903 ж.); «Принципы научного 
управления» (1911г.); «Показания перед специальной комиссией 
конгресса» (1912ж.) еңбектерінде баяндалған.
Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да 
мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да 
санасын ояту, яғни олардың сана сезімдеріне төңкеріс жасау қажет.
Фредерик Уинслоу Тейлор (20.03.1856 – 21.03.1915 жж.), 
көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. 
Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретінде аталады. Оның 
құлпытасында былай деп жазылған: «Менеджмент ғылымының 
атасы».
Ф. Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша 
бөліп көрсетуге болады:

тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін 


144
алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін 
ғылыми тұрғыдан зерттеу;

ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, 
оларды жаттықтыру және үйрету;

еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген 
жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың 
ынтымақтастығы;

әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті 
тең бөліп беру.
Ф. Тейлор әрбір операцияны қарапайым құрамдық бөліктерге 
бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен 
жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне 
сенді.
Ф. Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына 
ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң 
дараланған әрі сараланған түрде болды.
Ф. Тейлор шұғылданған жекелеген жұмысшының еңбегін 
оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың 
әлдеқайда жалпы қағидаларын әзірлеу қолға алынды.
«Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін 
Анри Файоль (1841–1925 ж.ж.) қалады.
Ол өзінің «Общая и промышленная администрация» атты 
негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін 
жасауға талпынды.
Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды 
(функцияларды қамту арқылы әлдеқайда кең ауқымдағы қызметті 
білдіретін басқару ісінің бір бөлігін) құрамақ:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- несиелік;
- есептік-бухгалтерлік;
- әкімшілік.
А. Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша 
қолдануға жарайтын қағидаларды әзірледі. Оған жататындар: 
еңбекті бөлу, билік (бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас 
басшылық, сыйақы, теңдік, бастама, корпоративтік рух.
Ол, сонымен қатар, маңызды қағидаларды бөліп көрсетті: 


145
басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.
Басқарудың «классикалық мектебі» одан әрі екі негізгі бағытта 
дамыды – өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін 
зерттеу.
Бұл арада Г. Эмерсонның, Л. Урвиктің, М. Вебердің және Г. 
Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.
Г. Эмерсон «Двенадцать принципов производительности 
труда» атты еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына қағидаларын 
қарастырып, қалыптастырды:

әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары 
қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;

алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа 
үрдісті талдаудың мағынасы айқын тәсілдемесі;

білікті кеңес (кеңес беру) – арнайы білімдердің қажеттілігі. 
Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (коллегиальный) қана бола 
алады;

тәртіп;

қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;

жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;

диспетчерлеу – оперативтік басқару;

нормалар және кесте;

жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды 
нормалау;

орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды 
нормалау;

жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді 
қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін 
сыйақы.
Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін 
шешу үшін қажет болатын кешенді тәсілдеменің мақсатқа лайықты 
болатынын әрі оның қажеттілігін алғаш рет Г. Эмерсон айтты. 
Оңтайландыруды тиімділік тұрғысынан қарастыру тән (алғаш рет 
енгізілген ұғым). Тиімділік дегенде, шығындар мен нәтижелер 
арақатынасындағы ең көп шамадағы пайданы ұтуға болады. 
Бұл тұжырымдамаға артынан Василий Леонтьев – «шығын – 
шығарылым» үлгісін жасаған Американың атақты экономисі де 
қосылды.


146
Л. Урвик басты назарын ресми тұрғыдан ұйымдастыруды 
құратын қағидаларды әзірлеуге аударды. Онысы бүгінгі таңда да 
өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың 
сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің 
салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық 
және т.б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.
Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер 
(1864–1920ж.ж.) – ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік 
мәселелерге жете назар аударды. Ол «бюрократия» терминінің 
авторы.
«Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық 
кәсіпкер Генри Форд (1863–1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя 
жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі қағидаларын көрсеткен:

іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол 
болсын;

дайын өнімдерді алып-сату нақты іспен үш қайнаса сорпасы 
қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті 
түрі» ретінде болады;

барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа 
зиянды әрі ақылға сыймайтын ұғым жоқ шығар, сірә;

біреудің ісіне қол сұғу – қылмыс, өйткені ол басқа бір 
адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің 
үстемдігін орнатады;

көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басыңның 
қамынан жоғары қой. Пайдасы болмаса ешқандай іс алға баспайды. 
Пайда табуда ешқандай жаманшылық жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет