125
кейін ұлғаяды (немесе,
тым болмаса, кемімейді және кез келген
жағдайда қарыздық қаражат бойынша орташа есептік мөлшерлемені
(яғни, қаржылық тетіктің дифференциациясы жағымды болады)
көтереді;
5) қаралатын жоба шығын қайтарылатын мерзім,
өндірістің
ұтымды ассортименттік құрылымын қалыптастыру және т.б.
тұрғысынан кәсіпорынның стратегиялық жүйесіне сай келеді.
Қай кәсіпорынның болса да басты өлшем-белгілерін анықтау
өзінше дара. Ол сол кезеңде көзделетін стратегиялық қаржылық
мақсаттарға байланысты.
Қаржылық менеджмент стратегиясының міндетті қызметтерінің
бірі – инвестициялық жобаны талдау. Бұрыннан белгілі, инвестиция
– уақыт жағынан ұзаққа созылатын процесс.
Бұл қаржылық
менеджерге инвестициялық жобаларды талдау кезінде бірқатар
жағдайларды ескеру қажеттігін еріксіз еске салады:
- біріншіден,
жобалардың тәуекелшілдігі, өйткені қайтарым-
дылық мерзімі ұзақ болған сайын жоба тәуекелді бола түседі;
- екіншіден, ақшаның уақытша құнын, өйткені уақыт өте келе
ақша өзінің құндылығын өзгертеді;
- үшіншіден, жобалар кәсіпорын акционерлерінің мүлкі
мен кірістерін ең көп
шамаға жеткізу жағынан алғанда, қаржы
салымының баламалы мүмкіндіктерімен салыстырғанда, тартымды-
ақ.
Нақ сол инвестициялық саясаттың көмегі арқылы кәсіпорын
өзінің мүмкіндіктерін экономикалық
дамудың ұзақ мерзімді
тенденциялары мен оларға бейімделуді болжауға (алдын ала білуге)
орай жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: