Тыңдалым түрлері:
Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және
жарнама және т.б.
Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:
Мазмұнын түсіну үшін тыңдау –
жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.
Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау
- тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу
үшін тыңдау.
Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды
білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.
Детальді түрде тыңдау-
әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып
тыңдау, түсіну.
Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс
түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз.
Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау
– сөйлеушінің көңіл-күйін
не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым
– сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық
құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы
мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі
бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде
басқа дағдыларды араластырмайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |