2. Саяхат 2.1 Жағажайдағы демалыс Тілдік деңгейі * Тілдік мақсат Жалпы есімдер: туыстық атаулар, жіктік жалғауы Дағды Айтылым: дайын тіркестерді қолдану Ойлау әрекеті Таңдаудың себебін көрсету Оқыту әдісі Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету Қарым - қатынас түрі Үлкен сыныптарға барлық жұмыс түрлері, жұптық жұмыс Дайындық Тақтаға дайын тіркестері бар кесте іліңіз. 7-кестені қараңыз Жүргізілу барысы: 1. Оқушылардан туыстық атауларды (отбасы мүшелерін) естеріне түсіріп, ауызша айту
сұралады. Туыстық атауларды тақтаға тізіп жазу керек. Ұсыныстар 6-кестеде берілген.
Кейбір оқушылар ағасы, апасы немесе досының атын ұсынуы мүмкін. Жауабының
дұрыстығын растай отырып, аталған адам туралы көбірек ақпарат сұраңыз. Мысалы:
Ақерке... Иә... Ал Ақерке саған кім болады? Досың ба әлде қарындасың ба?
2. Енді оқушыларға мынадай жағдаят ұсынылады.
Олар жағажайға демалуға бара жатырмыз деп елестету керек. Осы адамдардың ішінен өзімен бірге баратын сегіз адамды таңдау қажет . Оқушылар бірге алып баратын адамдардың тізімін жасайды.
3. Оқушылар бұл сегіз адамды неге таңдағандары туралы ойлануы қажет.
4. Оқушыларға тақтадағы кестені таныстырып, қалай қолдану керектігін мысал ретінде
көрсете отырып түсіндіріңіз. Мысалы, жағажайға баруға анасын таңдаса, кестедегі
тіркестерді қолдана отырып сөйлейді: «
Мен анамды таңдаймын. Өйткені ол суда жүзе алады». Оқушылар жұпта кестені қолдана отырып, таңдау себептерін көрсетеді.
Өздерінің де мысалдарын қолдана алады. Жауаптың кейбір үлгілері 7-кестеде
берілген.
5. Бұл тапсырма барысында оқушыларға жіктік жалғауының бірінші және үшінші жағын
қалай қолдану керектігін түсіндіріп кетіңіз және дұрыс қолдануын қадағалаңыз.