Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


– міндеттерін, ресурстарын талдау  негізінде жасалатын жобаны мазмұндық



Pdf көрінісі
бет59/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   166
Байланысты:
жобаааааа


міндеттерін, ресурстарын талдау 
негізінде жасалатын жобаны мазмұндық
 
– құрылымдық 
сипаттау кезеңінен тұрады.
Жобалау идеяларын ұсынудың бірнеше әдістері бар, 
олардың ең қарапайымы 
ойға шабуыл
. Бұл әдіс ӛзгеріс жасау 
бағыты анықталып, нақты іс-әрекеттерін белгілеу қажет 
болғанда пайдаланылады, яғни, осы ӛзгерістерді жүзеге 
асыру үшін не жасау керек деген сияқты сұрақтарға жауап 
ойға шабуыл жасау арқылы беріледі. Білім беруде бірнеше 
әлеуметтік топтар мүдделері тоғысатындықтан осы әдіспен 


135 
жүргізілетін кездесулерде жобалаушыларға сан алуан құнды 
идеялар алу мүмкіндігі бар. 
Қазіргі кездегі талдаулар жасау тәжірибесінде кең 
таратыла бастаған және тиімділігі дәлелденген құралдар 
қатарында SWOT-талдау және PEST- талдауды жобалау 
алды зерттеу кезеңінде пайдалануға болады. Басында 
маркетингтік зерттеулерде пайда болып, қолданысқа енген 
бұл құралдарды білім берудің әлеуметтік рӛлін бағалауда да 
орынды және пайдалы құралдар деп танылуда. Мысалы, 
әлеуметтік маңызды немесе ұзақ мерзімдік жобалауда 
ресурстарды
SWOT - әдісі
(
Strengths – мықты жақтары

Weaknesses - әлсіз жақтары, Opportunities – мүмкіндіктері 
және Threats – қауіпті жақтары
) арқылы бағалауға болады. 
Бұл жердегі мықты және әлсіз жақтары ұйым ішілік қажетті 
ресурстар 
мен 
олардың 
жеткілікті–жеткіліксіздігін 
бағалайды. Мүмкіндіктері және қауіпті жақтары жобаның 
орындалуына мүмкіндік беретін немесе кері ықпал етуі 
мүмкін тұстарына баға береді. Осылайша, сапалы жасалған 
жоба алдындағы талдау жобаның мақсатын жүзеге асыруда
жеткіліктілік
(ресурстардың жобаның мақсатына сай 
күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жеткіліктілігі) және 
қажеттілік 
(ресурстардың жобаның барлық кезеңдері үшін 
қажеттілікке қарай бӛлінуі, бірін - бірі толықтырып отыруы) 
принциптерін сақтауға мүмкіндік береді.
SWOT- 
талдаудың 
нәтижелі 
болуы 
тӛмендегі 
ережелердің сақталуына тығыз байланысты:
1.
Әрбір SWOT- талдау шектеулі, берілген нысанға 
ғана қатысты жүргізілуі тиіс, сонда ғана талдау 
дәл жасалады. 
2.
SWOT- тың элементерін нақты ажырату қажет, 
ӛйткені, оның мықты және әлсіз жақтары 
ұйымның ішкі сапалары, яғни, оны қадағалауға, 
реттеуге болады. Ал мүмкіндіктері және қауіпті 
жақтары сыртқы ортаға қатысты болғандықтан 
оған ықпал етуге болмайды, сондықтан оны ескеру 
қажет. 
Мықты және әлсіз жақтары салыстырмалы 
кӛрсеткіштерге жатады және олардың түрі ӛте кӛп болуы 
мүмкін. Соған орай, жобалау мақсатына, нәтижелік 


136 
ӛлшемдеріне қатысты сапалар маңыздылығы бойынша 
іріктелгені жӛн(кесте 3). 
Талдауға қатысты ақпараттар шынайы және арнайы 
зерттеу қорытындыларына сүйеніп қана жасалуы керек, 
сонда ғана жобалау нәтижелі болады. 
Кесте 3 − SWOT - әдісімен талдау 
Ішкі 
Жобалау нысанына тікелей 
қатысты элементтерді сипаттау 
Мықты жақтары 
Әлсіз жақтары 
Сыртқы 
Ортаға қатысты мысалы, 
құқықтық, қоғамдық - саяси, 
ресурстық, т.б. факторларды 
сипаттау 
Мүмкіндіктері 
Қауіпті жақтары 
SWOT - әдісі ӛзінің тұжырымдалық тұрғыдан арнайы 
дайындықты қажет етпейтін қарапайымдылығынан оны 
қолдану тиімділігімен қатар, негізгі түсініктері дұрыс 
анықталмаса, теріс ақпараттар қолданылса пайдасыз құралға
айнала да алады.
Жобалау білім саласының кӛлемді бӛлігін талдау 
негізінде үлкен институционалдық ӛзгерістерді кӛздесе, 
PEST- талдаулар жасалады. Ол тӛрт құрамдас элементтен 
тұрады: P – саясатқа қатынасты талдаулар, E –экономикалық 
жағдайына қатысты талдаулар, S – қоғам дамуына және адам 
ресурстарының жағдайларына қатысты талдаулар және T– 
нақты нысанға қойылатын технологиялық ӛлшемдерге 
сәйкестігін талдау.
PEST-талдаудың принциптері:
-
Жүйелілік–әрбір элемент басқаларымен тығыз 
байланыста қарастырылады, ӛйткені, бір фактордағы 
ӛзгерістер міндетті түрде келесі фактордың ӛзгеруіне 
әкеледі. 
-
Шынайылық–жобалау нысанының сыртқы орта 
талаптарына сәйкестігі.
-
Мәселені белгілеу және мақсат қою. Талдаулар 
негізінде қайшылықтар анықталса, соған сай 


137 
ӛзгерістерді жүзеге асыру мақсатын қоюға кірісу 
қажет. 
Сӛйтіп, бастапқы кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобалау 
объектісінің 
қазіргі 
жағдайын 
талдау; 
диагностикалау, бағалау; орын алып отырған қайшылықтар 
мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –
зерттеулерді талдау; мәселені теориялық негіздеу; жобаны 
ресурстармен қамтамасыз ету (кесте 4). Бұл кезеңнің 
нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық 
–материалдық 
ресурстармен 
қамтамасыз 
ету, 
тиісті 
жағдайлар туғызу. 
Кесте 4 – Жобалаудың логикалық құрылымы 
Жобаның компоненттері Объективті кӛрсеткіштер, 
негіздемелер 
Сыртқы жағдайлары, 
алғы шарттары 
Мәселені анықтау: 
Жобаны орындауға 
қажеттік неліктен пайда 
болды? 
Неліктен бұл мәселені 
шешу маңызды болып 
отыр? 
Мәселенің шын мәнінде 
бар екенін, оны шешуге 
болатынын қандай 
қосымша ақпарат кӛздері
кӛрсете алады? 
Мақсат қою: 
Жобалаудағы іс
әрекеттер қандай 
мақсатты орындауға 
бағытталған? Ол
берілген мәселені 
шешуге қаншалықты 
байланысты? 
Мақсатқа қол жеткізген 
жағдайда кімдер ұтады? 
Жобалауда орындалатын 
әрекеттер қалыптасқан 
жағдайды қалай 
ӛзгертеді?
Мақсаттың орындалғанын 
қандай құралдармен 
тексеруге болады? 
Тексерушілер жобаның 
мақсатын орындаудың 
маңызын неден кӛре 
алады? 
Жобаның мақсатқа 
бағытталғанын ӛлшеуге 
болатын мәліметтер 
жинау қарастырылған ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет