Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет60/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

Міндеттер:
Жобаны орындау 
барысында қандай нақты 
нәтиже алынуы тиіс? 
Жоба аяқталған соң 
педагогикалық жүйеде 
қандай оң ӛзгерістер 
болады деп күтіледі? 
Белгіленген 
міндеттердің орындалуы 
мақсатқа жетуді қалай 
қамтамасыз етеді?
Жобаның алдына 
қойылған міндеттердің 
орындалғанын қандай 
мәліметтер мен 
кӛрсеткіштер анықтайды? 
Жобалау негізінде 
орындалған жұмыс 
нәтижелері деңгейін
ӛлшеуге және бағалауға 
мүмкіндік беретін қандай 
нақты сандық әдістер 
қолдануға болады? 
Жобалау нысанынан 
тыс қандай жағдайлар 
мен шешімдер 
тӛмендегілер үшін 
қажет болады: 
Берілген міндеттердің 
мақсатты орындауға 
ықпал етуіне; 
Алынған нәтижелердің 
стратегиялық 
міндеттерді орындауға 
мүмкіндік беруіне; 


138 
Берілген міндеттерді 
орындау үшін қандай 
нәтижелер (олардың 
сандық және сапалық 
сипаттамасы) алынуы 
тиіс? 
Жобалау барысында оның 
жүзеге асырылуын 
бақылап және түзетіп 
отыруға мүмкіндік беретін 
мәліметтер жинақтала ма? 
Белгіленген 
шаралардың күтілетін 
нәтижелерді 
қамтамасыз етуіне; 
Белгіленген 
ресурстардың 
шараларды орындауға 
мүмкіндік беруіне; 
Қолданылатын әдістер
(жобалау барысында 
жргізілетін шаралар): 
Жобалуды 
орындаушылар күтілетін 
нәтижелерге қол 
жеткізуде қандай 
шаралар орындалуы 
тиіс? 
Ресурстар: 
Қандай ресурстар: 
адамдар, материалдық 
құралдар, қызметтер –
қажет болады? 
Бұл ресурстар қандай 
кӛздерден түседі
Моральдық және 
материалдық 
ынталандыру негіздері, 
құралдар мен жабдықтар 
құны, басқа да шығындар 
деңгейі қалай 
жоспарланады?
Жұмсалатын 
шығындардың тиімділігі 
қандай кӛрсеткіштермен 
бағаланады? 
Келтірілген шаралардың 
орындалуына қандай 
кедергілер болуы 
мүмкін ? 
Осылайша, келесі кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобалау мақсатын айқындау; мақсатқа қол жеткізетін 
жолдарды болжау; жобаның шектелу аясын белгілеу; 
жобалау 
идеясын 
тұжырымдау; 
жобаның 
тұтас 
бағдарламасын, жоспарын жасау; бақылау түрлерін анықтау.
Бұл кезеңнің нәтижесі – объектінің құжаттық жобасын 
жасау. Олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, 
жоспары.
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
 
Педагогикалық 
жобалауды 
ұйымдастыру 
нысандары.
 
2.
 
Жобалауды 
ұйымдастыру 
құрылымы 
мен 
компоненттері.
 
3.
 
Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы.
 
4.
 
Жобалау негізіндегі педагогикалық ұжымның 
ӛзгерістері.
 


139 
5.
 
Инновациялық жобалауға қойылатын талаптар.
 
6.
 
Мақсатты жобаларға тән белгілер.
 
7.
Жобалау алды даярлық жұмыстарының 
құрылымы.
8.
 
Жобаның негізгі бӛлімдеріне талдау жасаңыз

9.
SWOT-талдаудың мәні мен мазмұны. 
10.
PEST- талдаудың ерекшелігі. 
11.
Жобалаудың логикалық құрылымына сүйене 
отырып, ӛзіңіз оқитын не жұмыс істейтін 
педагогикалық 
жүйені 
ӛзгерту 
жобасының 
құрылымын жасаңыз. 
12.
Глоссарийді жалғастырыңыз. 
 
 
 
 
2.Педагогикалық 
жобалауды 
ҧйымдастырудың 
шарттары
Жобалау 
бүгінгі 
еліміздегі 
және 
шет 
елдер 
тәжірибесіндегі 
инновациялық 
ӛзгерістерді 
қолдауда, 
маңызды ғылыми–зерттеу салаларын дамытуда, ұйымның 
даму бағдарламасын құрастыруда кеңінен қолданыла 
бастаған тиімді қызметке айналып отыр. Сонымен қатар, 
оның білім беруді ұйымдастыру тәжірибесіне әлі де кеңінен 
тарай қоймаған, басқарушылар мен педагогтар үшін жаңа 
технология болғандықтан оны ұйымдастырудың ӛзіндік 
шарттарын анықтау қажет. 
Ӛйткені, түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді 
дамытуды кӛздейтін жобалауды тиімді ұйымдастыру белгілі 
бір шарттарының қатаң орындалуына тығыз байланысты.
Бірінші шарты
, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім 
беру ұйымдарын, педагогикалық үдеріс, оқыту мен тәрбие 
беру, әдістемелік жұмыс, т.б. дамыту үшін, ең әуелі, жүйенің
стратегиялық мақсатқа сай күтілетін нәтижелерін анықтап 
алып, мақсатты – бағдарлы жобалау қызметі арқылы оны 
қайта жаңарту міндеті қойылады. 
Екінші шарт
, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін 
жоба жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім 
алушылардың) 
құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде 


140 
оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы 
мүмкіндіктер 
жасалуы керек
. Бұлар арнайы ұйымдастырылып, тұрақты 
түрде қызмет істейтін 
семинарлар
немесе 
оқу-тәжірибелік 
алаңдар мен зертханаларды 
ұйымдастыру арқылы мүмкін 
болады. 
Үшінші шарт,
кез келген деңгейдегі жобалау 
әрекеттерін ұйымдастыру жаңа идеялар тудыратын және 
ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын
белсенді 
топтар құруды 
қажет етеді және олар уақытша жұмыс 
топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жоба 
аяқталғанда таратылуы тиіс. 
Тӛртінші 
шарты,
педагогикалық жүйені 
басқаруды жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған
матрицалық, немесе иерархиялық–матрицалық
болуын 
талап 
етеді, 
ӛйткені, 
мақсатты-бағдарлы 
жобалау 
технологиясы құрылымы
иерархиялыққа бағытталмайды

тұтастық пен жүйелікке негізделеді және 
қозғалмалы болады,
яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобалар уақытша басқару 
құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін. 
Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық 
жүйенің жаңа сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім 
алуға бағытталған қарым – қатынастар мен құрылымдарды 
дамытатын, қатысушылардың субъектілік позицияларын 
қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы 
жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігі

жобалаудың 
тиімді ұйымдастырылуына негіз болады. 
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері(жұмыс жоспары). 
Кіріспе бӛліміндегі нақтыланған міндеттерді орындау белгілі 
бір іс
-
әрекеттерді логикалық сабақтастықпен, белгілі бір 
мерзімде жүзеге асыруды, қажетті ресурстарды әр кезеңге 
бӛлуді, әрбір кезеңнен күтілетін нәтижесін белгілеуді, 
адамдар арасында жауапкершілікті бӛлісуді талап етеді. 
Жобаның әр кезеңіндегі іс
-
әрекеттер нақты жоспарланады, 
қатаң қадағаланады. Сӛйтіп, бұл кезеңде жобаны жүзеге 
асыру жолдары, оны байқаудан ӛткізу орындалады. Нәтижесі 
–білім беру жүйесінің жаңа сапаға ӛткендігін назарға алу. 
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр 
кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру. 
Мониторинг екі түрлі мақсатты кӛздейді. Біріншіден, 


141 
қойылған 
мақсат–міндеттердің 
қаншалықты 
тиімді 
орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге 
асыру барысында қажеттілікке сай ӛзгерістер мен түзетулер 
енгізу үшін ақпараттар жинақтау, яғни, жобаның тиімділігіне 
баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру. Бұл жерде 
бағалануы мүмкін параметрлер: 
-
Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға 
ықпалын анықтау (мысалы, жоба болмаса қалай 
болар еді); 
-
Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол 
жеткен нәтижелерге сәйкестігі); 
-
Ӛткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар 
мақсатына жетті ме, жасалған еңбек пен шыққан 
шығын күтілетін нәтижені берді ме? 
Жобаның жалпы нәтижесі мен ӛміршеңдігін бағалау. 
Жобаны қаржыландырушылар үшін де, жоба авторлары үшін 
де жобаның қаншалықты ӛміршең болатыны, яғни, одан әрі 
тиімділігінің сақталуы, ӛзекті болуы, ӛздігінен инвестиция 
тарта алатындығы 
-
маңызды мәселелердің бірі. Жобаның 
ӛміршеңдігі әрі қарай ӛзін қаржыландыра алатын, мемлекет 
тарапынан, басқа да гранттар мен бизнес қорларынан 
қаржыландырыла алатын дәрежеде маңызды болуымен 
ӛлшенеді. 
Жоспарланған бюджеті. 
Жоба бюджетінің құрылымы 
түрлі жағдайларға байланысты жасалады, олар: нәтижені 
орындауға бағытталған тікелей қаржыландыру, қосымша 
қаржыландыру, т.б. Мысалы, жобаның қаржысы 70-80 % 
тікелей қаржыландырудан тұратын болса, ал қалғаны 
қосымша қаржы кӛздерінен құралса, бұл ӛте қолайлы жоба 
болып есептеледі. 
Қорытынды кезеңде атқарылатын жұмыстар: 

жобаны және оны эксперименттік байқаудың 
сапалық нәтижелерін бағалау; 

жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің 
бағалауы; 

пайда болған мәселелерге сыни рефлексия жасау; 

жобаны коррекциялау, түзетулер енгізу. 
Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаның жаңғыртылған түрі 
құрастырылады. 


142 
Жобалау құжаттары
мақсаттарына сай түрлі 
деңгейлерде жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін 
маңызды мәселені шешуді жобалау, белгілі бір қаржылық 
ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық жобалар, т.б. 
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау 
үшін оның шын мәнінде орындауға болатынын тексеру 
жолдарын белгілеу керек. Жобалаудың құжат ретінде 
аяқталғаны, толықтығы
- онда жүзеге асырылып жатқан 
үдерістердің 
дұрыстығын, 
аралық 
нәтижелері 
мен 
қорытындыларын тексеру, бағалау ӛлшемдері берілген 
бӛлімінің болуынан кӛрінеді. Бұл бӛлім жобаларды 
бағалауға 
арналған 
эксперттердің 
сараптамалық
тәжірибелеріне сай жасалады. Бүгінгі тәжірибеде екі түрлі 
сараптама қалыптасып отыр, олар: 
Квалиметриялық 
сараптама
–бұл 
тексерілетін 
мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде 
қатаң процедуралармен тексеру. Квалиметрия жүргізуші
нақты технологиялар мен әдістемелерге сай стандарттық 
кӛрсеткіштермен сараптама жасауы тиіс. 
Статустық сараптама
–жобаны бағалауға тартылатын 
эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал 
тәжірибесіне қатысты сараптама. Мұнда белгілі бір 
ӛлшемдерге сүйенген сараптамашының пікірі негізге 
алынады, бұл жағдайларда тәуелсіз сараптамашылар бірнеше 
адамнан тұруы мүмкін.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі 
– оның 
аяқталуының рәсімделуі
. Оның нәтижесінің қандай 
болғанына қарамастан, аяқталуы барысында талдаулар 
жасалуы мен объективті бағалануы басқа ұйымдар мен 
адамдар үшін маңызды болып есептеледі.
Рәсімделіп, аяқталуына кӛңіл аудару жобалауға 
қатысушылар үшін де қажетті шара, ӛйткені олар белгілі бір 
деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратады. Сондықтан, 
бұл кезеңде тӛмендегі мәселелер команда мүшелері 
тұрғысынан қорытылып, олар құжатқа енгізілуі қажет: 
1)
Жобаны жүзеге асыру барысында қандай 
нәтижелерге 
қол 
жеткізілді? 
Алдын 
ала 
белгіленген ӛзгерістердің барлығы да орындалды 
ма? 


143 
2)
Жобалау негізіндегі ӛзгерістерді мүдделі топтар не 
ұтты және оны қалай қабылдады? 
3)
Белгіленген бюджет жеткілікті болды ма? 
4)
Жобалық ӛзгерістердің болашағы бар ма? 
5)
Команда не нәрселерге қол жеткізді? 
6)
Команданың әрбір мүшесі не ұтты? 
7)
Жобалауға қатысушылар нені үйренді? 
8)
Жобаға қатысу арқылы адамдардың жеке 
перспективаларында не ӛзгерістер пайда болды?
Жүйеде бір уақытта бірнеше жобалар жүзеге асырылуы 
мүмкін. Біреулері бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асырылу 
мүмкін, ал біреулері – ӛзара тығыз байланыста болуы немесе 
жекелеген жаңа ендірілімдер мен олардың арасындағы 
байланыстардан тұратын күрделі құрылымды құрауы 
мүмкін.
Жобаны жүзеге асыру оның басқалардан тәуелсіздігіне, 
команданың жауапкершілігінің жоғары болуына, оған жауап 
беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету 
құзіреттіліктері мол болуына байланысты. Сондықтан 
жобаны орындауға кіріспес бұрын, ең әуелі, қажетті команда 
құрамын белгілеп алу маңызды. Стандарттық ситуацияларда 
қызметкерлерден жаңашылдық пен бастамашылдық талап 
етілмейтін болса, қалыптан тыс жағдайлар жобаны 
орындаушылардың ерекше қасиеттерін қажет етеді. Мысалы, 
олардың қатарына тӛмендегі құзіреттіліктерді жатқызуға 
болады: 

қалыптан тыс ойлау дағдылары; 

тәуекел 
жағдайларда, 
шешімі 
белгісіз 
мәселелермен жұмыс жасай алу қабілеттері; 

командада жұмыс жасай білетін; 

ӛзгерістерге бейімділігі бар. 
Жоба жетекшісі де осыған сәйкес қасиеттерге ие болуы 
шарт, олардың қатарына: 

лидерлік және харизматикалық қасиеттер; 

команданы іске жұмылдыра алатын, олардың 
қабілеттерін дамыта алатын, адамдардың ӛзіне 
және бір–біріне ӛзара сенімділік жағдайын тудыра 
алатын;


144 

маман 
ретіндегі 
құзіреттілігі 
ғана 
емес, 
коммуникативтік қабілеттері де жоғары болуы 
жатады. 
Басқару үдерісінің тағы бір маңызды кезеңі –жоспарлау 
да қатаң сипатта емес, индикаторлық сипатта орындалады. 
Индикаторлық сипат үш деңгейлі сценарий бойынша 
жасалады, олар: жоғары деңгейде, орташа деңгейде, 
мүмкін деңгей немесе ӛте тӛмен деңгейде осылардың 
әрқайсысының нәтиже, уақыт, шығын кӛрсеткіштері 
белгіленеді. Осындай жағдайда жасалатын жоспар мақсатты 
– бағдарлы жобалар үшін икемді болып келеді.
Тӛменде жобалау үдерісінің үздіксіз циклін құрайтын 
алгоритмі беріліп отыр: 
1)
Жобалаудың басталуы педагогикалық жүйелердегі 
әлеуметтік–мәдени 
ситуациялар 
талаптарына 
сәйкессіздіктері анықталған әрекет талаптарын 
ӛзгерту, қайта жаңғырту мақсатын кӛздейтін 
ұйымның ӛзіндік сұранысынан немесе сыртқы 
сұранысты
қабылдаудан басталады.
2)
Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін 
басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру
негізінде жетуді кӛздейтін 
түпкілікті нәтиже
белгіленеді;
3)
Одан соң, болашақ әрекеттің ең қарапайым және 
міндетті 
талабы–іс–әрекеттің 
мақсаты 
анықталады;
4)
Іс–әрекет мақсаты басқарушы айқындаған 
жобалау
 ұстанымдарына 
негізделеді; 
5)
Одан соң, берілген әрекет үлгісінен–күтілетін 
нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары
анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бӛлініп, 
кӛрсетілген әрекеттің талабы 
жоспар
болып 
табылады. 
6)
Одан соң, барлық ұйымдастырушылық қызметтер 
мен 
оны 
орындауға 
қажетті 
құралдар 
анықталады;
7)
Жобаның орындалу 
мерзімі
, аралық кезеңдер мен 
әр 
кезеңде 
алынатын 
аралық 
ӛнімдерін 
нақтыланады; 


145 
8)
Әрбір кезеңнің 
технологиялық сипаттамасы
жасалады, оған
қажетті ресурстар
анықталады.
9)
Жоба жүзеге асырылған соң нәтижесі бағаланады, 
ол алынған нәтиженің күтілетін нәтижеге 
сәйкестігімен ӛлшенеді.
Осылайша, 
жобалау әрекеті
жаңа педагогикалық 
жүйелер құруға немесе оның компоненттерін жетілдіру 
арқылы жүйенің жаңа сапаға ӛтуіне мүмкіндік береді. Бұл 
жағдайларда, жобалау объектісі болып тұтас жүйенің ӛзі 
немесе оның бӛлек компоненттері (қызметтік, құрылымдық, 
т.б.), сапалары (ашықтық, гуманитарлық, демократиялық), 
жүйелік қасиеттері (тұтастығы, инегративтігі) алына алады.
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, жобалау қызметі бірнеше 
деңгейден–жобалау тұжырымдамасын жасау, жүйе 
қызметінің 
мазмұндық 
және 
үдерістік 
қызметтерін 
құрастыру, орындаудан – тұрады. 
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі 
ұйым мүшелерінің үнемі алға жылжып отыруына, мәселені 
тану мен ұғынуға, оны шешудің түрлі жолдарын талдауға 
мүмкіндік береді.
Жобалау қызметі тиімді ұйымдастырылған жағдайда
басқарушылардың әкімшілік стилі ӛзгеріп, негізінен 
педагогтардың белсенділігіне, шығармашылығын дамытуға 
және қолдауға, олардың топтық құрылымдардағы қызметі
мен желілік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағыттала 
бастайды. Ұйым қызметкерлерінің кәсіби сапасын үнемі 
жетілдіріп отыру, олардың ӛздерінің 
қызмет ететін 
орнында шағын топтарда оқытуды ұйымдастыру
арқылы 
мүмкін болады.
Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асыру 
тӛмендегі міндеттерді кӛздейді:
− 
педагогикадағы 
дәстүрлі 
құндылықтардың 
тиімділерін сақтай отырып, қоғам талабына сай жаңа 
педагогикалық ұжымның жаңа сапасын
қалыптастыру; 
− педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымының
тұжырымдамасын, миссиясы мен стратегиялық дамуын 
құрастыруды кӛздейтін 
стратегиялық қызметтерді 
басқару мазмұнына
енгізу,


146 
− жүйеде болып жатқан үдерістерді реттеп отыру, 
ұжымдық құрылымға қажет ӛзгерістерді уақытылы жасап 
отыру
, ӛзгерістерді байқай және бағалай білу; 
− педагогикалық жүйелерде функционалдық қарым - 
қатынастарды қайта құруға бағытталған, иерархиялық
тәуелділік емес, ӛзара тәуелділік пен байланыстылықты 
нығайтатын 
матрицалық ұйымдастырушылық ӛзгерістер 
жасау, оған міндеттерді қайта бӛлісу, әр бӛлімше 
деңгейіндегі жауапкершілік пен құзіреттіліктің міндеттелуі, 
т.б. матрицалық, желілік байланыстарды жатқызуға болады; 
− Педагогтарды дамытуға бағытталған жобаларды 
ұйымдастыруда 
мотивациялар мен ынталандыру жүйесін
қалыптастыру.
Осылайша, басқарудағы жобалау қызметі білім беру 
ұйымының кіші басқару жүйелері мен оның барлық 
деңгейлеріндегі құрылымдық бӛлімдерінің әрекеттерін 
үйлестіру механизмі қызметін атқарады. 
Бұл жағдайда басқару жүйесінің 
иерархиялық - 
матрицалық және матрицалық
құрылымдары негізге 
алынады. Иерархиялық құрылым тұтас педагогикалық 
жүйені басқару ӛкілеттігі берілген басқарушының жеке ӛзі 
басқаруын білдірсе, 
иерархиялық
-
матрицалық 
құрылым 
жүйенің күнделікті қызметін тігінен басқарумен қатар, 
белгілі бір маңызды мәселерді шешу мақсатында 
құрастырылатын топтар мен жобалық құрылымдарды 
кӛлденең басқару қажеттігінен туындайды. Ал, жоғарыдағы 
екі құрылымды біріктіретін ерекше құрылымдар матрицалық
түрде болады. Олар ұйым алдына қойылған белгілі бір 
мақсатты орындауға жүйенің барлық компоненттерін 
біріктіретін интеграциялық қызмет атқарады.
Матрицалық құрылым басқарудың инновациялық 
қызметі

жүйенің 
ӛзгерістерін 
 
мақсаттық
-
бағдарлы 
жобалау қызметін
ендірудің шарты болып табылады. Бұл 
жаңа құрылымның басқарудағы нақты мәселелерді шешу 
барысында педагогтардың ізденістік -
 
шығармашылық 
белсенділігін 
арттыруда, 
білім 
беру 
ұйымының 
пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар кӛзін анықтауда
маңыздылығы ӛте зор.


147 
Бұл құрылым күнделікті жұмысты қадағалап отыратын 
басшылардың, орынбасарлардың, сала басшылары мен 
ғылыми - әдістемелік қызметтер, сонымен қатар, белгілі бір 
маңызды мәселерді шешу мақсатында құрастырылатын 
топтар мен қызметтік жобалардың орындалуын тігінен және 
кӛлденең басқарудың матрицалық түрінде берілген.
Дәстүрлі құрылымнан ӛзгешелігі, онда ақпаратық - талдау 
орталығы, жобалау қызметінің жетекшісі, мақсаттық -
бағдарлы жобалар мен олардың жетекшілері, оқу-тәжірибе 
алаңы, оқу-жобалау қызметтерінің орын алады, сонымен 
қатар, ұйымдағы күнделікті қызметтің орындалуын оның 
иерархиялық мазмұны қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-талдау орталығында білім беру ұйымының
мәселелері талданып, нақты мақсаттар айқындалады, оны 
шешуді жүзеге асыратын жобалау қызметі белгіленеді, одан 
әрі мақсаттық-бағдарлы жобалар құрастырылып, оған 
педагогтар мен сала басшылары қатысуы қамтамасыз етіледі, 
олар ғылыми әдістемелік қызметпен де ӛзара байланыста 
болады.
Мақсаттық-бағдарлы жобалар кӛбіне жаңа бағыттарды, 
мысалы, ұйымның даму стратегиясын анықтау, адам 
ресурстарын дамыту, білім берудің жаңа технологияларын 
игеру,т.б. инновацияларды жүзеге асыратын болғандықтан, 
жобалау бастапқы кезеңде оқу-тәжірибе алаңы, оқу-жобалау 
қызметтері түрінде ұйымдастырылады. 
Адам ресурстарын ұйым жағдайында дамыту туралы 
зерттеулер кӛрсеткендей, білім алушыларды, педагогтар мен 
басшыларды 
дамытудың 
нәтижелілігі 
олардың 
іс-
әрекеттерінде шығармашылық жағдайлар туғызып және оны 
үнемі қолдап отыруына байланысты. Соған орай, ұсынылып 
отырған педагогтар мен түрлі деңгейдегі басқарушыларды 
 
жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындау
оған қосымша 
ақпараттар беру, сабақ беру немесе білім жетілдіру 
курстарына қатысу мағынасында емес, оның осы бағыттағы 
қабілеттіліктері мен құзыреттіліктерін жобалау қызметіне 
қатысу барысында кеңейтілуі. Ӛз тәжірибесі арқылы оқып – 
үйрену, ӛзін - ӛзі дамыту – адамның ӛмір бойы оқуы
болып 
табылады.


148 
Педагогикалық 
жүйелердің 
жобалау 
негізіне
 
субъектіні ӛзіндік дамыту жүйесі 
алынады. Осыған сай 
жүргізілген талдаулар білім берудің түрлі деңгейлердегі 
жүйелердің – сынып жүйесін, сыныптық-оқыту жүйесін, 
мектепке дейінгі білім беру жүйесін, бастауыш, негізгі, 
жалпы орта білім беру, кәсіптік, қосымша, жоғары білім беру 
жүйелерін, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру 
ұйымдары, мекемелері, т.б. жүйелерді басқару құрылымы 
мен қызметін ӛзгертіп, оларды субъектінің 
ӛзіндік дамуын 
ұйымдастыратын мазмұнда 
ұйымдастыруды қажет ететінін 
кӛрсетеді.
Педагогикалық жобалауды субъектілердің ӛзара қарым- 
қатынас үдерісін тұтас, ішкі дифференцияланған, ӛзін-ӛзі 
дамыта алатын жүйе деп қарастыру қажет. Жобалау 
процесінде субъектілердің бірін-бірі дамытуы жүзеге 
асырылады, сӛйтіп, білім беру
технологиясының ӛзгеруі
педагогикалық ұжымның ӛзін дамытуды
, заман 
талаптарына сай қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.
Жобалау әрекетін ұйымдастыруда педагогикалық 
ұжымның құндылықтық кӛзқарастары да қалыптасады,
ӛйткені, жүйені жобалау негізінде дамыту, ондағы адамдар 
мен олардың қатынастарын жаңа сапалардың қалыптаса 
бастауы жаңа деңгейдегі педагогикалық үдерістерге негіз 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет