Сҧрақтар мен тапсырмалар
1)
Жобалаудың ұйымдастыру шарттарын анықтау
қажеттігі неде?
2)
Жобалауды
ұйымдастыру
шарттарын
атап,
сипаттама беріңіз.
3)
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мониторингі.
4)
Жобалау
құжаттары
мен
эксперттердің
сараптамалары.
5)
Жобаның аяқталуын рәсімдеу талаптары.
6)
Жоба жетекшілеріне қойылатын талаптар.
7)
Жобалау үдерісінің үздіксіз циклін құрайтын
алгоритмі.
149
8)
Педагогикалық
ұжымда
жобалауды
жүзеге
асырудағы міндеттер.
9)
Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне
неліктен субъектінің ӛзіндік дамыту жүйесі
ретінде алынатынын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
10)
Глоссариймен жұмысты жалғастыру.
3.Педагогикалық жобалауды жҥзеге асыру логикасы
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру
жүйесіндегі мәселелерді анықтап, олардың пайда болуы мен
шығу жолдарын қарастыра бастады.
Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық
заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның ӛзін - ӛзі басқара
алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің ӛзінде оның
тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын
қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының
болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы
қызметтік
және
субъектілік
компоненттердің
ӛзара
қатынастары мен жүйенің ӛзін - ӛзі дамыту ресурстарын
тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі
жобалау болып
табылады.
Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні
дамытуға бағытталуы,
жобалау белгілі бір объектіні жаңа
түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін
атқарады
.
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға
болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету
мүмкіндігі мол құрылым, ӛйткені, жобалау қызметі негізінде
білім беру жүйесінің ӛзін дамытумен қатар, қоғамдық -
саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң ӛзгерістерді
жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған
сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның
институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын,
сондай-ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі.
Педагогикалық
жобалаудың
қайта
жаңғыртушылық
деңгейлерін тӛмендегідей кӛрсетуге болады:
150
Стратегиялық деңгей
, бұл мемлекет деңгейіндегі білім
беру жүйесінің ӛзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің
тиімділігін тарихи уақыт ӛлшемімен ғана бағалауға болады.
Институционалдық деңгей
, белгілі бір білім беру
ұйымдары, басқару құрылымдары немесе белгілі бір білім
беру жүйесіндегі салалық ӛзгерістерді қарастырады. Оның
тиімділігі институционалдық деңгейде кӛзделген мақсаттың
орындалуынан кӛрінеді.
Технологиялық деңгей
, оның нысандары болып білім
беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады.
Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс-әрекеттер жүзеге
асырылысымен - ақ кӛрінуі мүмкін.
Жобалау деген ұғымның ӛзі оның басқару қызметіне
тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын
білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп ӛтуге
тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі.
Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі –
әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты алға
қоймастан бұрын белгіленетіні. Сондықтан,
жобалау –
қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны
құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын
біртұтас етіп біріктіру қызметі
.
Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі
болашақпен
тығыз
байланысты
маңызды
құрылым
болғандықтан, оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік
үдерістердегі
ӛзгерістерді басқаруға
ықпал етеді. Соған
орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру,
технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық
дамуды жүзеге асырудың басты
бір жолы ретінде жобалау
түрінде
орындалуы
тиіс.
Басқару
әрекеттерін
ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі
айқын кӛрінеді. Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан
айырмашылығын анықтау үшін оның білім беру саласында
қолданылатын терминдеріне тоқталамыз:
Жоспарлау.
Ол
әрекеттің
перспективасын
белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды,
жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады,
жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері кӛрсетіледі.
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының
151
жоспары жобаның құрамдас бӛлігі немесе басқару
қызметінің ӛз алдына бӛлек құралы ретінде де бола алады.
Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай,
онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі
бір сипаттамалары беріледі.
Бағдарлама.
Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды,
мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге
жету үшін іс - әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы,
ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі
болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске
асырыла алады немесе белгілі бір бағдарлама шағын жобалау
қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды
болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес
ӛйткені, онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі
ескеріледі.
Педагогикалық жобалаудың міндеттері:
− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы
мәселенің пайда болуы мен сипаттамасын жасау;
− мәселені шешудің түрлі жолдарын қажетті
ресурстары және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау
тұрғысынан іздестіру;
− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау
және оны жобалық рәсімдеу;
− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері
мен оны жүзеге асырудың материалдық-техникалық,
қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттарын белгілеу;
Мәселені айқындау
дегеннің ӛзі осы мақсатты кӛздейтін
бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже
бермейтінін белгілеу немесе жаңа ситуация пайда болғанын
мойындау. Жаңа ситуацияға сай ӛзгерістерді жүзеге
асырудың
мақсаты мен міндеттерін анықтау
арқылы
жобалаушы келесі кезеңге ӛтеді. Бұл кезеңде тӛмендегі
жұмыстар орындалады:
жағдайды талдау
, шектеуліктерін
белгілеу; талдау арқылы
қалыптасқан жағдай мен
күтілетін жағдай арасындағы
қайшылықты белгілеу
;
Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды
қарастыру аясын шектеп алу қажет, ол үшін мәселеге қатысы
бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық
тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде
152
екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу
себептерін анықтау қажет. Талдау пәніне қарастырылатын
педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы,
қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты
сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы
жобалау алды зерттеу кезеңін
құрайды.
Жобалау барысында зерттеу әрекеттерінің жүргізілуі
міндетті, ӛйткені, проблеманы айқындау және оны шешу
жолдарын ұсыну үшін
педагогикалық жүйеге қатысты ішкі
және сыртқы орта жағдайларын, әлеуметтік топтар
мүддесін, т.б. ескеру, жүйенің болашақ бейнесін тұтастық
тұрғысынан қарастыру қажет.
Жобалауда түпкілікті нәтиженің параметрлері, жаңа
сапалық белгілері әуелі оймен құрастырылып, бастапқы
жағдайдағы мәселені белгілеу, оны шешу әдістерін айқындау
мақсаты қойылады. Мәселені белгілеу барысында жоба
мазмұнына қатысты оны бӛліктерге бӛліп те, тұтастық
ретінде жинақтап та қарастыруға болады (Кесте 5). Жобаны
құрастырудың жалпы логикасын тӛмендегідей кӛрсетуге
болады:
Кесте 5 – Жоба құрастырудың жалпы логикасы
Проблеманы
анықтау
Мақсат қою
Шешу жолдары мен құралдарын таңдау
Проблема
Проблема
Мақсаты Міндет-
тері
Әдістері
(іс–
әрекеттер
мазмұны,
іс–
шаралар)
Ұйымдастыру
түрлері мен
қатысушылар
Ресурстар
құралдар
Орындалатын іс – әрекеттер жүйесі
Осылайша, педагогикалық жүйені дамытудағы
мәселені анықтау, мақсат қою, шешу жолдары мен
құралдарын таңдау, жобалауды мазмұндық қамтамасыз ету
шараларының жиынтығы жобалау қызметінің құрылымы мен
153
алгоритмін қалыптастырады. Орындалатын іс-әрекеттер
жүйесі жоғарыда берілген бӛлікте жобалау қызметін жүзеге
асырудың логикалық жүйесін кӛрсетеді. Жобалау және
жобаны жүзеге асыру ойлау әрекетінің екі бағытын
кӛрсетеді, бірақ, оны басқарушы жобалау қызметінің тікелей
орындалатын алгоритмін ғана емес, оны жүзеге асырудың
логикасын ойша түрде кері қарай құрастыру арқылы
түпкілікті нәтижені модельдеу, ол үшін жоспарланып
отырған әдіс - тәсілдердің тиімділігін, ресурстарының
жеткіліктілігін есептей алуы қажет.
Жобалауға қажетті ресурстардың анықталуы оның
орындалу мүмкіндігін кӛрсетеді. Ресурс (
франц. ressource –
қосымша құрал
), қаржылар, құндылықтар, мүмкіндіктер
және бюджеттің кіріс бӛлігі. Ресурстар экономикалық
(материалдық, қаржылық); әкімшілік (құқықтық, биліктік);
психологиялық (интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық);
табиғат (климаттық) және басқалар болып бӛлінеді. Белгілі
бір әрекетті орындауда пайдалануға болатын нәрселердің
барлығы да ресурстарға жатқызылады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға
қажетті ресурстары қатарында білімдік, ақпараттық,
материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары
жатқызылады. Осыған сәйкес кез-келген деңгейдегі
педагогикалық жүйе аталған ресурстардың біріне жауап
беретін, басқаратын белгілі бір бӛлімшелер немесе
бӛлімдерден құралады.
Қалыптасқан тәжірибеде жоғары оқу орнының
проректорлары оқу және әдістеме жұмыстары, ғылыми -
зерттеу жұмыстары, тәрбие беру және жастар ісі
бағыттарындағы салалардың қызметі үшін, кадр бӛлімі
профессорлық - оқытушылық құрамдағы, басқару - әкімшілік
қызметкерлерден тұратын адам ресурстары үшін, есеп
бӛлімі
қаржылық-экономикалық
ресурстар
үшін,
шаруашылық бӛлімі материалдық-техникалық ресурстар
үшін жауап береді. Осыған ұқсас тәртіп мектептер мен орта
кәсіби
оқу
орындарында
да
қалыптасып,
мектеп
директордың орынбасарларының, бӛлім басшыларының
әрқайсысы жауап беретін салалары белгіленген. Олардың
әрқайсысының
құзырлылығы
ӛз
саласы
үшін
154
жауапкершілікпен ғана шектеледі, олар ӛз жоспарларына
сәйкес ӛз ресурстарын дамыта отырып, бір-бірімен қатар,
кӛлденең түрдегі қарым қатынаста қызмет етеді.
Бұл жағдайда жүйе басшысының (ректор, директор,
т.б.) міндеті–барлық бӛлімдердің ӛз бағытында қызмет етуіне
қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, ол ортақ
мақсатты орындау қажет болғанда барлық құрылымдық
бӛлімдердің қызметін бір - бірімен байланыстыру арқылы
ұйымдастырады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың осы
классикалық
сипатында
берілген ортақ мақсатты орындауға қажетті
барлық ресурстарды жүйені басқарушы тікелей ӛзі
ұйымдастырып, сала басшыларының атқаратын міндеттерін
бӛліп береді, ресурстардың жұмсалуын ӛзі қадағалайды.
Тӛмендегі 9-суретте осы жағдайдың кӛрінісі бейнеленген.
Сурет 9 – Педагогикалық жүйелерді басқарудың классикалық
сипаты
Енді осы мәселеге басқарудағы жобалау қызметін
ұйымдастыру тұрғысынан келетін болсақ, бұл құрылым
ӛзінің мәні жағынан дәстүрді басқарудың құрылымдық–
қызметтік иерархиясына қарама– қарсы тұрғанын кӛруге
болады.
Мақсат
Жүйені
басқарушы
Р
Е
С
У
Р
С
Т
А
Р
Сала басшылары,
қызметкерлер
Сала 1
Сала 2
Сала 3
155
Тӛмендегі 10-суреттен кӛрініп тұрғандай, ресурстар
легі жүйені басқарушының айналасына емес, нақты
мақсатқа
қарай
бағытталып,
сол
нүктеге
шоғырландырылған. Бұдан жобалау қызметінің барлық
ресурстар легі мен олардың қозғалыс бағыты күтілетін
нәтиже – мақсатқа қатысты анықталатын
басқарудың
ерекше қызметі
екенін анықтауға болады.
Осы
ӛзгеріп
отыратын
мақсаттар
нүктесі
белгіленген мақсатты жүзеге асыруға барлық ресурстарды
жоспарлы түрде белгілі бір тәртіппен жұмылдырылады.
Жүйені
басқаушының
міндеті–мақсаттарды
ұйым
мүшелерімен бірге нақтылай отырып, оны жүзеге асыруға
жүйенің барлық компоненттерін жұмылдыру, оларды
ресурстармен жеткіліктілік және қажеттілік принциптері
негізінде қамтамасыз ету.
Сурет 10 – Педагогикалық жүйелерді басқарудағы
жобалау қызметі
Айта кету керек, басқару теориясы туралы еңбектердің
кӛпшілігі
классикалық
басқару
жағдайында
түрлі
ресурстармен қызмет ететін бӛлімдердің ӛзара қатынасы
мәселесіне арналған, солай бола тұра, бүгінгі күні осы түрлі
міндеттер
атқаратын
бӛлімдердің
қызметін,
ӛзара
Мақсат,
күтілетін
нәтиже
Р
Е
С
У
Р
С
Т
А
Р
жеткіліктілік
принциптері
қажеттілік
принциптері
Басқарудағы
жобалау
қызметі
Жүйені
басқарушы
Жүйенің
компоненттері
156
байланысын тиімді ұйымдастыру мәселесін шешу жолдары
кӛптеген зерттеушілер үшін ӛзекті мәселе болып қалуда.
Біздің ойымызша, аталған мәселені шешу жолдарының бірі –
осы жобалау қызметін ұйымдастыру.
Жобалау арқылы педагогикалық жүйелерді дамыту
іс -әрекеттері белгіленгеннен кейінгі мәселе–
жобалау
ресурстары мен оны ұйымдастыру.
Оған жататындар:
− жобалау кезеңдерін анықтау (дайындық кезеңі, жүзеге
асыруды бастау, жұмыс барысын бекіту, келісімдер жасау
кезеңі,
жобалау
барысының
кезеңдерін
бақылау,
қорытындылау, т.б.);
− жалпы кететін уақытты бағалау;
− адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;
− жұмыс кестелерін жасау;
− тәуекелді жоспарлау мен резервтерін даярлау.
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, материалдық және
қаржылық ресурстар қаншалықты маңызды болғанымен,
ең
басты ресурстар адамдар және оларды ұйымдастыру
болады. Жобалау қызметін ұйымдастыру, оны жүзеге асыру
адамдар тобын, шағын топтарды–командаларды құру арқылы
ғана орындалады. К. Фоппель «Команда. Кеңес беру және
ұйымдардағы тренингтер» еңбегінде команда туралы «ортақ
міндеттерді шешетін және ӛзара бірін бірі толықтыратын
сапалар мен қасиеттерге ие пікірлес адамдардың шағын
тобы. Олар ӛздері жауап беретін жұмыстарының мақсаты
мен стратегияларын ӛздері бірлесіп құрастырады» деп
анықтаған.
Командалардың ӛзге адамдар тобынан айырмашылығын
тӛмендегідей кӛрсетуге болады:
− олар келісіп істеуді және басқаруды қажет ететін
нақты мақсатты шешу үшін құрылады;
− олар қажет жағдайда жеңіске жету үшін құрылады;
− команда мүшелерінің қызметі ӛзара алдын ала
бӛлінеді;
− шағын топтар құрамы негізінен уақытша сипатта
болады;
− қандай басқару стилі болса да шағын топтар
иерархиялық құрылымда болады.
157
Осылайша, бір жағынан,
жобалау қызметі
басқарудың
құралы болады, келесі жағынан, жобалаудың ӛзі басқаруды
қажет етеді. Осы тұрғыда жобалаудағы ұйымдастырушылар
немесе басқарушылардың құзыреттілігі туралы мәселе пайда
болады.
Білім берудің жаңа нәтижелерін қамтамасыз ететін
педагогикалық жүйелерді басқарудың аталған мәселелерін
шешу оның құрылымдары мен компоненттерін қамтитын
ұйымдастырушылық ӛзгерістер жүргізуді қажет етеді. Бұл
ӛзгерістер мәні белгілі бір жүйені күтілетін жүйеге
сәйкестендіру үшін: 1) іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір
қызметін ӛзгерту; 2) оны күтілетін жүйе деңгейіне
жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру; 3) іс жүзіндегі
жүйеден күтілетін жүйеге ӛту үдерісін жоспарлау; 4)
шешімді жүзеге асыру - логикасында жүзеге асырылады.
Жаңа қоғамда адамның ӛз әрекетін ұйымдастыра алуы
оның табысты ӛмір сүруіне қажетті ӛзіндік ресурсы болып
саналады, ол дамыған сайын адамның тәжірибесіне еніп,
ӛзін - ӛзі сарқылмас капиталға айналдыратын ӛмірдің басты
мазмұнына айналады. Сондықтан, субъектінің
ӛзіндік
әрекетін ұйымдастыра білу, оның ӛздігінен білім алуына
мүмкіндік
туғызу
жобалаушылық
құзыреттіліктерді
дамытуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |