Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


IV. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІН



Pdf көрінісі
бет77/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

IV. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІН 
ҦЙЫМДАСТЫРУ 
 1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау 
әрекеттері 
Оқытудағы жобалау. 
Әлеуметтік–мәдени контексте 
алғанда жобалауды оқыту әрекетін басқарудың түрі деп 
қарастыру және оның ерекшеліктерін ескере отырып, 
жобалау арқылы оқушыны дамыту міндеттерін орындау 
мүмкіндігі белгілі. Бірақ бұл жағдайда жобалау әрекетін 
ұйымдастыру әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен бірдей 
деуге болмайды.
Жобалау әрекеті мектеп жасындағы оқушының 
барлығына да бірдей жүргізілмейді, ол әр сатыдағы 
(бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) оқушылар үшін түрлі 
қызмет атқарады, түрлі мақсаттар қойылады және түрліше 
орындалады. 
Мектепте ұйымдастырылатын жобалаудың мақсаты 
ӛнім алу ғана емес. 
Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу 
оның ӛз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етсе, 
мұғалім үшін ол педагогикалық міндеттерді орындау құралы 
болып табылады. Сондай–ақ, жобалау әрекеті оқу әрекетін 
түгелдей алмастыра алмайды және ол мектепте жүргізілетін 
жұмыстардың жалғыз ғана тиімді түрі деп те есептелмейді.
Жобалау–оқушылардың ӛз бетіндік оқу әрекеттерін 
ұйымдастыруда 
олардың 
белсенділігін 
арттыруға 
бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі. 
Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі 
–оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы 
білім берудің ӛзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, 
бұл жағдайда жобалау субъектісі – қоғам болып табылады. 
Нақтылап айтсақ, оқыту үдеріс–алдын ала белгіленген 
нәтиже, яғни белгілі бір сапаларға ие мектеп бітіруші 
тұлғасын 
қалыптастыру 
мақсатында 
арнайы 
ұйымдастырылатын үдеріс десек, білім берудің ӛзі жобалау 
әрекеті бола алады. Оны тӛмендегі қасиеттерге қарап айтуға 
болады: 

мақсаты анықталынып алған (мектеп бітіруші 
моделі) 


192 

құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері, 
әдістері, ұйымдастыру ресурстары) 

нәтижелік ӛнімнің болуы (мектеп бітірушінің 
белгілі бір сапалары) 
Білім берудің осы сипатына қатысты алатын болсақ, 
педагог – жоба ретінде
жүзеге асырылатын білім берудің 
мақсатын жүзеге асыратын агент. Ӛйткені, ол педагогикалық 
әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге 
сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты 
құралдары оқыту мен тәрбиелеу. 
Педагогты жай орындаушы деп қарай алмаймыз, себебі 
орындаушы белгіленген операцияларды рет–ретімен, бір 
тәртіппен орындайтын адам. Оқыту үдерісінде балалардың 
барлығы білім беру әрекеттеріне бірдей деңгейде араласа 
алмайды, сондықтан, педагог әрбір нақты оқушының 
ерекшеліктеріне қарай ӛз әрекеттерін ұйымдастырушы, яғни 
субъект рӛлін атқарады. Осыған байланысты 
педагог – білім 
беру үдерісінің субъектісі
деп айта аламыз. Ӛйткені, педагог 
субьект ретінде мақсат қояды, оған сай құралдарды 
анықтайды, нәтижені алуға күш жұмсайды, түрлі 
жағдайларды ескере отырып, ӛзінің ұйымдастыруының 
амалдарын орындайды, ӛзгертеді, түзетеді, бағалайды. 
Енді, осы жағдайда 
оқушы – білім беру үдерісінің 
субъектісі
бола ала ма? Соңғы кездері бұл ӛте кеңінен 
қолданылып жүрген мәселе. Оқушыларға жекелеген білім 
беру, тұлғалық–бағдарлы оқыту, субъект–субъектілік тұрғы 
деген түсініктердің ендірілуіне байланысты бұл мәселе 
кеңінен талқылануда, оқушының субъектілігі кеңінен 
қарастырылуда. 
Білім берудің әлеуметтік мақсатын қарастырсақ, 
оқушыға мақсат сырттан беріледі, бұл – оқушының мақсаты 
емес, әлеуметті құндылық. Ал оқушы оны ӛзі үшін құндылық 
деп қарастырмауы мүмкін. Бірақ оқушы ӛзін-ӛзі дамытуды 
ӛз міндетіне алса, онда білім алу оның мақсатына айналады. 
Айта кету керек, оқушыларды дәстүрлі оқытуды жүзеге 
асыруды педагогтың жобасы деуге де болады. Педагог оқыту 
барысындағы әрбір педагогикалық әрекеттің неліктен қажет 
екендігін, жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсатын, бақылау 
жұмысын жаздырудың неліктен қажет екенін нақты біледі. 


193 
Дәстүрлі оқыту жүйесінде педагогтың әрбір қадамы берілген 
әдістемеден ауытқымайды, ӛзінің не айтатыны, оқушының 
қалай жауап беру тиістігі алдын ала белгіленеді және дәл 
солай орындалуы талап етіледі. 
Жобалау 
әрекетін 
ұйымдастыруда 
да 
педагог 
оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім 
беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір 
жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы 
тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің 
ӛзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, 
жобалау әрекеті барысында педагогтың ӛз жауапкершілігі 
мен ӛзіндік іс-әрекеттері кӛбейеді, ӛйткені, ол оқушылардың 
жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы 
олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. 
Ол ӛзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, 
оқушылардың жобасы арқылы ӛнімінің нәтижесіне де жауап 
береді. 
Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары 
арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың 
жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар ӛнімді және нәтижелі 
болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы ӛз 
мақсатын орындайды. 
Бұл жерде оқушылар жобасының ӛнімі - шартты ұғым, 
ол оқушының белгілі бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет