217
жобалау әрекетінің тиімді болуының маңызды факторы–
педагогтың кәсіби құзіреттілігінде. Жобалауға негізгі
әрекеттерді сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға
да болмайды. Оның басты құралдары–үнемі қадағалау және
түзетіп отыру ғана. Мұғалім басшылығымен орындалатын
жобалар да тӛмендегі ӛзгерістерге түсе алады, пайда болады,
дами алады.
Мұғалім
ұсынған
жобалау
идеясы,
тақырыбы,
оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс
тақырыбына, баяндамаларына айналады.
Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы
жобалау идеясына айналып, идея
мен оны орындау бірігіп
кетеді. Жобалау ӛнімі нәтиже ретінде айқындалып, ол
орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда
идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік
деңгейі тӛмен болуы мүмкін.
Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл
кезде нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға
барлық жағдайлар жасалады,
бұнда шығармашылық аспект
аз қаралып, ӛнімнің сипатына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Оның
оқушылар
үшін
маңыздылығы,
ӛз
әрекеттерін
ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге,
үйренуге мүмкіндік жасалатынында.
Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы
ерекшеліктерді ескере отырып топтар құру, оқушылардың
ӛзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет
болады дейміз.
Жобалау және модельдеу.
Жоба ұғымына түрлі
анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, жоба –
белгілі бір орындалатын, бірақ
дәл осы кезеңде жасалмаған
ситуациялардың моделі деуге болады. Белгілі бір жағдайдың
ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін
ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау
әрекетінің маңызды жағы-қалыптасқан жағдайды таңдау,
оның қайта құрудың
негізгі сипаттамаларын жасау, немесе
модульдеу болатынын кӛрсетеді.
Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын
нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек.