209
Парталардың орналасуы да мұғалімнің кез келген
оқушыны кез келген уақытта дәптерлерін оқуға, қателерін
қарап жүруге құрылған. Ал, жобалау әрекеті білім беру
кеңістігінің басқаша түріне, атап айтқанда:
–
біріншіден, типпен жұмыс түріне лайық болуын
қажет етеді;
–
екіншіден, әр топ ӛз
жобасын орындайтын
болғандықтан, әр топтың жұмыс орны бӛлек
болғаны жӛн;
–
үшіншіден,
жобаны
орындауда
ақпараттар,
мәліметтер жинау және оларды талдау қажет
болғандықтан, жұмыс орны компьютер желісіне,
кітапханаға, медиатекаға т.б. ақпараттар кӛзіне
шыға алатындай болуы керек;
–
тӛртіншіден, жобалау әрекеті негізінен белгілі бір
ӛнім алумен байланысты болғандықтан, зертхана,
шығармашылық шеберханасы, т.б. оқушылардың
ӛз қолдарымен ӛнім жасауға мүмкіндік
беретін
орындар болғаны жӛн;
–
бесіншіден, жобалау қызметі міндетті түрде
ӛнімді, нәтижені презентация жасаумен аяқталады.
Сондықтан оқу коммуникациясының жаңа түріне
конференц-залдар, байқаулар, есеп беру шараларын
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кеңістік қарастырылады.
Жоба презентациясы басқа да оқушылар, педагогтардың
жаппай қатысуын талап етеді.
Бүгінгі таңда мектептердің құрылымы класс – сабақ
жүйесіне негізделгендіктен, аталған жобалау кеңістігін
мектептегі бар мүмкіндік
арқылы ұйымдастыру қажет
болады. Мысалы, сабақ кестесіне ӛзгерістер, кітапхана мен
зертханаларды жаңаша ұйымдастыру, т.б.
Қорыта айтқанда жобалау әрекеті барысында оқу
әрекеттері дәстүрлі сынып кеңістігімен кеңірек жүргізіліп,
сынып – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді.
Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы
Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бӛлігі –
уақыт. Білім беруде уақыт ӛте нақты белгіленгені белгілі,
мысалы, сабақтың сыныпта немесе үйде орындалу уақыты
бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да
210
уақыты,
сабаққа даярлану уақыты, сондай–ақ жеке ӛзіне
арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған
жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді
пайдалану жоспарланады. Ӛйткені, жобаға қызығу деңгейі
жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, ӛз
уақыттарының кӛбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда
оқушыларға уақытты пайдалану, ӛзге де маңызды істерді
уақытында орындалуы қадағаланады.
Сондықтан, педагогтар
жобаны орындаудағы
компоненттері–жұмысты
ыңғайлы
кестемен
орындау,
уақытын, кӛлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа,
ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің
бірін–бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға
болады.
Мысалы, жобаның барлық компоненттерін тұтас
сақтау бастауыш мектептерде мүмкін емес. Ондағы басты
мүдде–оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру
арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа
мерзімді тапсырмалар, мини–жобалар–кіші жастағылар үшін
сабақ үстінде ӛткізіліп, оқу жоспарына енгізілсе – олар
оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Негізгі мектепте 5–6 сыныптарда нақты жоба
жасау басталады, олар жобаның ӛзін жасауға кіріседі. Міне,
осы кезден бастап оқушылар үшін ӛз уақытын басқару
қажеттігі пайда болады.
Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары
негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады.
Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін
мониторинг
кейбір
жұмыстардың
ӛз
мерзімінде
аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін–бірі
қайталауға
әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны,
яғни, тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді ӛзгерту
керектігі анықталады. Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру
қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.
Оқушылардың
жобалау
әрекетінің
бірнеше
қарапайым ережелері оқушыларға түсіндірілсе, олардың
игеріп алуына жағдай жасалады.
Біріншісі, ең алғашқы жасайтын жобаларынан бастап,
оның орындалу мерзімін анықтап алу қажет. Соңғы нәтиже
211
(ӛнім) тек қана белгіленген мерзімде қабылданады, кешігу
болуы тиіс емес. Педагогтар оқушыларға жоба мерзімінен
кешіксе олардың бағалары тӛмендейтінін ескертуі керек;
Екіншісі,
жобалау кезеңдерін белгілеп, оның әр
кезеңінің аяқталу уақыттары анықталады. Сонымен қатар,
осы жерде әрбір кезеңнің нәтижесі белгіленеді (мысалы,
жоба идеясын қорғау, эскизін қорғау, орындалу құралдарын
таңдау, т.б.);
Үшіншісі, оқушыларға педагогтан кӛмек, кеңес алу
мүмкіндігі беріліп, оның кестесі де күні бұрын келісіліп,
белгіленеді;
Тӛртіншісі, бұл педагогтың міндеті–оқушылардың жоба
жұмысын бастан–аяқ қадағалап отыру, топпен жұмысты
бақылау, пән бойынша немесе басқа адамдармен қарым–
қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс,
қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет;
Жалпы алғанда, жобалық жұмыс сабақ үстінде,
сабақтан тыс,
бос уақыттарын да қамтып, кеңей беретін
әрекет екенін түсінгенде оның уақыттық талаптарын
сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: