«TORAIGʼYR» - ЖАЗҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭТНОЛАГЕРІ
Жангурова Айнур Буркутбаевна
п.ғ.магистрі, география пәні мұғалімі
№25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қ.
Елімізде бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, осы бағдарлама аясында жасөспірімдерге халқымыздың этнографиялық, ұлттық құндылықтарын дарыту, тәрбиелеу көзделіп отыр. Мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын сәтті ұйымдастыру арқылы, қазіргі таңда жеткіншектерімізді ұлттық мәдениетке және табиғатымызды сүйуге тәрбиелеу қажет.
Павлодар облысында балалардың жазғы демалысын тиімді қамту мақсатында әртүрлі үлгідегі 700 -дей лагерь жұмыс істейтің көрінеді. Оның ішінде тілдік, туристік-өлкетану, этно-мәдени, интллектуалды, спорттық т.б.бағыттардықамтитындары бар. Сонымен қатар, біздің жобамызға ұқсас 2018 ж.Баянауыл аумағында «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығы жанынан ашылған «Қазақ Саmp» атты скауттық жобаны да атауға болады. «Қазақ Саmp» ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген [1].
Өзектілігі: Ұлттық дәстүрлерімізбен қалалық мектептер қабырғасында «Наурыз мейрамы», тәрбие сағаттары, шағын көрмелер ұйымдастырылу барысында танысып, орындалып келеді. Бұл жағдай жастардың ұлттық дәстүрлерімен сусындауына аздық етіп отыр. Сол себептен оқушылардың жазғы демалыстары барысында Баянауыл-Торайғыр аймағында этноәлеуметтік лагерді ұйымдастыра отырып, балаларды өз жеріміздің, дәстүріміздің асыл қазыналарымыз бен бай табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, дәріптеу, басты мәселе.
Жұмыстың мақсаты: «Toraigʼyr» этноәлеуметтік лагерінде мектеп оқушыларын ұлттық дәстүрлеріміз бен мұраларымызды дәріптеу және ұлттық спорт түрлеріне баулу мақсатында жазғы демалыстарын белсенді өткізуге жұмылдыру, арқылы отан сүйгіштік және ұлттық құндылықтарымызды сіңіруге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті жердегі мектеп, әкімшілік, музей өкілдерінің қолдауына сүйену, келісімдер жүргізу;
- Оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, қолға алынатын ұлттық дәстүрлеріміз бен спорт түрлерін айқындау;
- ТМД және Қазақстан аумағындағы этнолагерь түрлерімен танысу. Этнолагер бағдарламасын құру;
- Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Қазақтың ұлттық ойындарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ал біздің этнолагеріміздің ерекшелігі – қала балаларының шаруашылық икемділігін арттыру,салт-дәстүрін насихаттау.Оқушыларды ауылға шақыра отырып, біз оларға табиғаттың әсем көрінісін сыйлаймыз. Серуен кезінде оқушылырға түрлі аңыздар айтылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады. Сонымен қатар мемлекеттік тілге де көңіл бөлінеді.
Біздің бағдарламада Торайғыр жерінің кереметтеріне экскурсия жасалып, табиғатқа көз сала отырып, оқушылар туған жерлері туралы ауқымды мағлұмат біле алады, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттырады.
Бағдарламаны құрастыруда және жобамыздың жүзеге асыру жағдайларын қарастыруда төменде аталған адамдардан кеңестер аланып, келісімдер жасалды: ПМПУ-нің география кафедрасы оқытушысы Ә.Қ. Елемесов, С.Торайғыров музейінің меңгерушісі Жаңар Аубакирова, Торайғыр ауылдық округінің әкімі Абраров Арғын Бейсембайұлы, Баянауыл МҰТС директоры Сүйіндік Бердешұлы.
Кесте 1 - «Toraigʼyr» - жазғы әлеуметтік этнолагері атты ғылыми жобаның маршруттық бағдарламасы
1 күн
|
Қонақтарды күтіп алу.
Алғашқы күні киіз үйлерге орналастырады.
Жаңадан келген қонақтарға ерулік апарады.
Қонақтар орналасып болған соң қазақы дәстүр бойынша қонақасы беріледі.
|
3 күн
|
Киіз үйде таңғы ас.
Қазақ жерінің жауһары «Торайғыр мектебіне», «Торайғыр көліне» саяхат жасау. Саяхат барысында туристер көл жағалауының әсем көріністеріне куә болады. Торайғыр көлінен алаштың ардақты ұлы С.Торайғыров зиратына зиярат ету.
Түстен кейін этноауылда қазақ тұрмысынан қойылымдар (бие байлау рәсімі, қымыз дайындау, ер азаматтар үшін қой сою рәсімі) Кешкісін қазақтың ұлттық спорт ойындары (Бәйге, аударыспақ, теңге алу).
|
5 күн
|
Киіз үйде таңғы ас.
Әулие мекені Мәшһүр Жүсіп Көпеев қабіріне зиарат. М.Ж. Көпеев ауылындағы мемериалды мұражайға саяхат.
Түскі ас Жаңажол ауылында беріледі.
Этноауылда кешкі ас (Қазақ халқының ұлттық тағамдар мәзірінен мерекелік ас дайындалады.). Қазақтың салт-дәстүрлерінен рәсімдер (Шілдехана, сүндет той бұл рәсімдерде қазақ хақының жаңа туған сәбиді бесікке салу дәстүрімен мұсылмандық рәсімдердің бірі ұл балаларды сүндетке отырғызу мерекесін көрсетіледі.
Осы күні қазақтың ұлттық тағамы яғни мерекеге байланысты бесбармақ, қалжа.
Кешке қазақтың ұлттық ойындары (Ат ойындары аударыспақ).
|
7 күн
|
Этноауылда таңғы ас.
Сосын тарихы сырға толы Ақсан ауылындағы қол дәуіріндегі адамдардың мекен еткен орынмен танысады.
Одан әрі Қаражар ауылы аумағындағы ертеде өмір сүрген түркілер ескерткіші балбал тастарды көру мүмкіндігі туады.
Қайтар жолында Сабындыкөл жағасын тамашалайды. Көл жағасының ерекше сұлу табиғаты кез келген туристерді тамсандырмай қоймайды.
Кешкісін этноаулыда қазақтың қол өнері түрлері мен танысады. Қайыcтан таспа тілу, одан қамшы өру, жүн түту, кіз басу, тері илеу.
|
10 күн
|
Қазақы дәстүрмен шығарып салу. Этноауылдан кетерлерінде жергілікті қолөнер шеберлері жасаған әшекей бұйымдардан сыйлықтар сатып алуынамүмкіндіктері бар.
|
Бағдарлама бойынша біз оқушыларды қазақ халқының ас мәзірімен, салт-дәстүрімен, Торайғыр жерінің табиғатымен таныстырылады. Қазақ елінің ас мәзірімен таныстырудың маңызы өте зор. Оқушылар ұлттық тағамдардың дәмін татып, тіл үйірердей тамаша дәмін сезе алады. Дәміне тамсанған «туристтер» тағамның дайындалуын ауыздан ауызға жеткізеді. Ал салт - дәстүрлермен таныса отырып, олар бар білгенін түйіндеп, естеріне сақтайды. Осы арқылы қазақтың дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа таратады. Ал көз тартарлық жерлермен таныса отырып, «туристтеріміз» кереметтей әдемі жерлер шетелдерде ғана емес, өзіміздің Қазақстанымызда да бар екенін аңғарады. Этноауыл біздің өңірде қарқынды өсе бастайды. Көбінесе, адамдар әлемнің кереметтерін көру үшін ел асып, шетелге аттанады. Ал егер табиғатымызбен таныстырсақ, ол адамдар Қазақстан жеріне келіп, әлем кереметтерінің бірі- Торайғырды көре алады. Осының бәрі елдегі елдің экономикасының дамуына, қазақ ұлтының өркендеуіне ықпал етеді.
Бұл бағдарламаға сәйкес біздің құрған «Toraigʼyr» этноауыл өзінің қызметіне байланысты бизнес жоспарыжасалып, келетін қонақтарға мынадай баға ұсынады: оқушыларға 25. 000 теңге баға тағайындадық.
Бағалар әр адамға арналған.
Баға ішіне кіреді:
o Этноауылға орналастыру
o Астандыру- толығымен жол жүрудегі минералды сусындар
o Барлық жерде жүрулер
o Бағдарлама бойынша экскурсия
o Медициналық сақтандыру
o Бағдарламаға кірмейтін қосымша экспедициялар
o Саяхат үшін арнайы құрал-жабдықтар
Сонымен, Баянауыл өлкесіндегі Торайғыр ауылында этнотуризмді дамытудың кең мүмкіншіліктері болғанымен, оны іске асыру механизмдеріне арнайы бағдарлама жасалу керек. Біздің бағдарламамызға мемлекет тарапынан немесе жергілікті билік органдарының қолдауымен немесе оң көз-қарасы болса іске асады. Сонымен қатар жергілікті ірі өнеркәсіп иелерінің қаржылық көмек көрсетуі арқылы іске де асыруға болады. Бұл болашақта өңіріміздің туристік секторынның дамуынажәне өлкенің әлеуметтік – экономикалық жағдайына ықпал етеді деп сенеміз.
Қорытынды
- Торайғыр ауылдарында этнолагерді дамыту мүмкіншіліктері зерттелініп, жалпы этнотуризмнің жастар үшін және келешек аймақ экономикасы үшін маңызы қарастырылды;
- Шетелдік және отандық этнолагер арқылы, туризмді дамыту тәжірибелері сараланды;
- Жобаны іске асырудың инвестициялық жобасы ұсынылды; Торайғыр ауылындағы этноауылды дамытуға арналған «Toraigʼyr» этноәлеуметтік лагері бағадарламасы жасалды.
Торайғыр аумағында жазғы этноәлеуметтік лагер арқылы өңірде шағын жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Бұдан басқа алдыға қойған міндеттерге сәйкес жобамыз бойынша келесі мәселелер өз шешімін тапқандығына көз жеткіземіз, олардың қатарында:
- бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті жердегі мектеп, әкімшілік, музей өкілдерінің қолдауына сүйену, келісімдер жүргізілді;
- оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, қолға алынатын ұлттық дәстүрлеріміз бен спорт түрлерін айқындалды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Абилев Д. У подножья Баянаула. А.: «Жазушы » 1978
Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері: оқу құралы - А., 2004.- 172 б.
Артықбаев Ж.О. Баянаулы. – Астана, 2001.
Аяғанов М. Баянауыл өңірлік туризм орталығына айналады // Сарыарқа самалы.- 4 наурыз2010. - 1 б.
Әбішева З.М. Туризмнің географиялық ортасы: оқу құралы – А., 2007.- 107 б.
Березина А. Д. Организационно - экономические методы формированиямеханизма адаптации крупного города к современному международному туризму: автореферат /. -СПб., 2005. - 18 с.
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп: оқу құралы - А., 2007. -229 б.
Жайынбаев Н. Танымдық-туристік жұмыстар: // Қазақстан мектебі.-№10 65-67 б.
Иващенко А.А.Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. - А., 2006 б.
Мазбаев О. Б. Туризм және өлкетану негіздері: оқу құралы - А., 2006.
Приймак Д.П. Баянаул заповедный : научное издание - А.: «Казахстан» 1982. - 96 б.
Райхан Н. Туризм-қаржының бір көзі // Ақиқат N6 2005 41-43 б.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |