Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет93/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

Білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым – 
қатынас түрлері.
Білім беруде оқушы әрекеттерінің жаңа 
түрлері 
енгізілуі 
педагог–оқушы 
қарым–қатынасын 
ӛзгертетіні сӛзсіз. Дәстүрлі оқытуда бұл қарым – қатынас 
біржақты түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, әр пән бойынша 
оқулықтардың оқушыға берілуі тиіс белгілі бір білім қоры 
жинақталған. Мұғалімнің міндеті – сол білім қорын 
ӛзгертпестен оқушыға түсіндіру. 
Білім, білік, дағды – оқулықтарда нормаланып берілген, 
яғни, қандай демократ болса да, мұғалім оқушыдан осы 
нормаларды орындауды талап етеді. Олар–ережені, 
формуланы, анықтаманы жаттап алу, қайта айтып беру, 
оларды практикалық жұмыста пайдалану. Осы тұрғыдан 
алғанда оқушы мен мұғалім еш уақытта тең құқықта 
болмайды, ӛйткені, біреуі біледі, екіншісі, білмейді, оған 
түсіндіру керек. 
Ал осы мақсатқа жетудің құралдарының бірі – оқыту 
әдістемесі. Әдістеме бойынша, қандай пән болса да 
оқушының ӛз түсінгенін ауызша айтып беруін талап етеді. 
(теорияға сай, ауызша ақпарат мазмұны тек 10% ғана есте 
қалады.) Сонымен қатар, әдістеме бойынша, педагогтар 
қосымша кӛрнекі құралдар пайдаланады, түрлі жаттығулар 
береді. Олардың барлығын тиімді пайдаланған жағдайда 
педагогикалық қызмет тиімді болады деп күтіледі. Әрине 
бұлар белгілі бір деңгейде нормалар бойынша берілген білім 
қорын игеруге мүмкіндік береді. 


247 
Осылайша, 
егер 
оқытудың 
мақсаты 
ретінде 
нормаланған білім, білік, дағдыларды үйрету кӛзделсе, бұл 
мұғалім мен оқушының тең қатынасын қажет етпейді. 
Оны оқытудағы кемшілік емес, дәстүрлі білім берудің 
сипаты деп қарастырған жӛн. Қарым–қатынастың бұдан 
басқа түрі алға қойған мақсатты орындауда оқушы мен 
мұғалімнің мүмкіндіктері мен жауапкершіліктері тең 
дәрежеде қарастырылғанда ғана пайда болады. 
Жобалау әрекетін ұйымдастыруда идеясы, бағыты 
белгілі болғанымен шын мәнінде алынатын ӛнімді оқушы да, 
мұғалім де дәл біле алмайды. Ӛйткені, алынатын нәтиже 
әзірге идея түрінде ғана белгіленеді. 
Идея пайда болғаннан бастап–оны орындаудағы 
қиындықтардан, мәселелерден ӛте алу, кейде идеяның 
орындалуы туралы алғашқы жоспарды қайта ӛзгерту, қайта 
жасау–бұлардың барлығы да командада педагогтың 
болуымен, оның жобаны ұйымдастыруымен ғана мүмкін 
болады. Жобалаудың кӛп бӛлігінде мұғалім басқарушы емес, 
қатысушы рӛлін атқарып, оқушылармен тең дәрежеде 
болады. Осындай ӛзара тең қатынастарды ұйымдастыру 
бүгінгі жағдайдағы коммуникацияларда үлкен рӛл атқарады. 
Жобалау әрекетінің бұрынғы пионерлік немесе 
скауттық қозғалысқа ұқсас міндеттері болды, олар 
оқушылармен жұмыс барысында ӛз әрекеттерін мақсатқа сай 
ұйымдастыра білуден, ӛзара қарым – қатынасқа түсе білуден, 
ӛз міндеттерін топ ішінде бӛлісе алуларынан кӛрінеді. 
Осы әрекеттерге сай ортақ мақсатты орындау 
барысында нәтижені белгілеу, алға қойған міндеттердің 
шешу жолдарын іздеу, т.б. қарым–қатынастың жаңа түрлері 
пайда болады. 
Бұл жаңа қатынастар нұсқаулар негізінде немесе 
біреулердің тілегі үшін немесе педагогтың басымдығын 
болдырмау үшін деген сияқты себептерден пайда болмайды. 
Немесе педагогтың қарым – қатынаста ӛзгерту тілегінен де 
туындамайды. Жаңа типті қарым – қатынас, шын мәнінде, 
жаңа әрекеттің міндетті компоненті ретінде пайда болады. 
Жобалау әрекетінің қатаң нормативтік құрылымы мен 
мазмұны болмайды. Әрекеттің негізіне оның нәтижесі 
ретіндегі ӛнім алынады. Нәтиже де (ӛнім) ӛз алдына нақты 


248 
нормаланбайды, олай болса, жобалау шығармашылық 
жұмысқа айналуы мүмкін. Сондықтан оған қатысушылардың 
рӛлдері тең дәрежеде қарастырылады. 
Жобалаудың ерекшілігі–оның ресурсы ретінде оған 
қатысушылардың білімі мен қабілеттері қарастырылады, 
орынды жұмсалады. Бұл кезде білімі тереңірек, қабілеті 
жоғарырақ адамның лидерлік қасиеттері кӛрінбек. Ал 
жобалау барысында белгілі бір уақыт ішіндегі түрлі 
әрекеттерге байланысты рӛлдер қабілеттеріне қарай ӛзгеріп 
отыруы да мүмкін. 
Педагогтар үшін ескеретін жайт, жобалау барысында 
шешімді ӛзі қабылдау, ӛз пікірін ғана басшылыққа алу 
сияқты істерден бас тарту қажет. Әрине, бұлар тәжірибеде 
болмайтын нәрселер емес, кейде олай істеуге де тура келеді. 
Бірақ шама келгенше оқушыларға жауапкершілік арту қажет. 
Оны болдырмау жолдары тәжірибемен бекітіледі. Бірақ 
жобалауға оқушылар кеңінен қатыса отырып, оның барлық 
компоненттерін игерген сайын ӛздерінің белсенділіктері арта 
бастайды. Бірақ педагогтың жетістігі ретінде оқушының 
нәтижесі алынып тұрған кезде, педагог жобаның тартымды 
болуына белсенділік танытары сӛзсіз. 
Оқушылар үшін жобалау әдеттегі қызмет түріне 
айналған кезде, олардың педагог тарапынан қадағалануы 
азаяды. Бұл кезде мұғалім оқушылардың жобалау әрекетінде 
басқарушылық қарым – қатынасқа түскені жӛн. Басқару үшін 
педагогқа қажетті тӛмендегі сапалар анықталады: ӛз пәнін 
ӛте жақсы білу, жобалау қызметін ұйымдастыру тәжірибесі, 
коммуникативтік 
құзіреттіліктерінің 
болуы. 
Дәстүрлі 
оқытуда мұғалімдердің осыған ұқсас қасиеттері пайда болып, 
кәсіби қызметінде одан әрі дамиды деп есептелсе, кәсіби 
басқару әрекеті мен оған қажетті коммуникация мұғалімнің 
кәсіби дамуы арқылы жүреді.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру–оқушылардың ӛзара 
ынтымақтастықта бірлескен іс-әрекетін, қатынасын дамытуға 
негіз болады. Ӛйткені, жоба идеясы оларды біріктіреді. 
Міндеттерді ӛзара бӛлісуге, мазмұн–мағынасы бар жұмыс 
атқаруға ықпал етеді. 
Айта кету керек, оқу әрекеті сияқты, жобалауға 
қатысатын топтар да бір жоба аяқталған соң тарап кетеді, 


249 
одан соң жаңа жоба идеясымен қайта бірігеді. Сӛйтіп, топтар 
да оның мақсаттары да үнемі ӛзгеріп отырады. Бұл 
педагогикалық қарым–қатынастың тиімді түрі, ӛйткені, 
оқушылар түрлі топтармен, оқушылармен түрлі рӛлдерде 
қарым–қатынас дағдысына үйренеді. 
Жобалау топтары 4–6 адамнан шағын болса 
тиімдірек.(Әрине әр жобаның мақсатына байланысты жеке, 
жұппен немесе түгел сынып қатысуымен де орындалатын 
түрлері бар.) 
Ал шағын топтармен ұйымдастыру, бір жағынан, 
идеяны жүзеге асыруға қолайлы, екінші жағынан, оған 
қатысушылардың ӛзара қатынастырын қалыптастыруға және 
қолдауға мүмкіндік береді. 
Жобаны жүзеге асыру мерзімі оның мазмұны мен 
мақсатына байланысты. Ал жобалық жұмыс барысында 
коммуникациялық қатынастарды қалыптастыру 2 аптадан бір 
айға дейінгі мерзімде мүмкін болады. 
Жобаның одан да ұзақ мерзімге созылуы ішкі 
топтардың, жұптардың, лидердің пайда болуына әкеледі. 
Сондықтан ұзақ мерзімді жобаларда оның белгілі бір 
кезеңдері аяқталған кезде топтардың ішкі міндеттерін бӛлісу, 
жаңа топтар мен лидерлерді ауыстырып отыруға болады. Бұл 
әр адамның топтағы позицияларын ӛзгертіп, ӛзін жаңа сапада 
байқауына, 
басқалармен 
жаңа 
қатынастарды 
қалыптастыруына жағдай жасайды. 
Педагог лидерлермен жұмыста ӛте байқампаз болған 
жӛн, ӛйткені лидерді қалыптастыру барысында ӛзара 
қатынаста мәселелер туындауы мүмкін. Атап айтқанда, жеке 
ерекшіліктеріне 
сай, 
кейбір 
лидерлер 
істі 
тиімді 
ұйымдастыруда ӛзге оқушыларды жұмылдыра білетін, 
оларды тең дәрежеде ұйымдастыра білетін болса, кейбірі ӛз 
лидерлерін тек ӛз дегенін істетуге, ӛзгенің пікірін елемеуге, 
ӛз басымдығын үнемі білдіруге бейім болады. Бұл топішілік 
конфликтіге апарары сӛзсіз. Оны болдырмаудың тиімді 
жолы - әр оқушының лидер позициясында да болуын 
қамтамасыз ету, рӛлдерді үнемі ауыстырып отыру. 
Сондай–ақ топ ішінде ауысып отыратын «time – kepeer» 
(уақыт регламентін қадағалаушы), идеяларды жазып 
отыратын хатшы, т.б. рӛлдер болуы қажет. 


250 
Қорыта айтқанда, шағын, не үлкен топтар нақты бір 
жобаны орындау үшін құрылады және жоба жұмысы 
аяқталғанда бұл топ таратылады. Жаңа жоба пайда болғанда 
жаңадан басқаша топ құрылғаны дұрыс. 
Жобалау әрекеті оқушылардың коммуникативтік 
қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді, оларды рӛлдік 
позициялардан әртүрлі әрекеттер мен қарым–қатынастар 
құруға жағдай туғызылады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет