Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Жобалау
әрекеті
арқылы
оқушылардың
құзыреттілік сапаларын қалыптастырудың мәні.
2.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 -
2020 жылдарға дейінгі дамытудың мемлекеттік
бағдарламасындағы құзыреттілік нәтижелердің
белгіленуі.
3.
Түйінді құзыреттіліктер және олардың түрлері.
4.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
5.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру.
6.
Мәселені шешудің жолдарын және шешім
қабылдай білу құзыреттіліктері.
8.
Оқушылардың жобалау жҧмысын бағалау
әдістемесі
Жобалау
жұмысын
бағалау–педагогтардың
жаңа
кӛзқарасын қажет ететін ерекше бағалау үдерісі. Дәстүрлі
оқытумен салыстыратын болсақ, онда оқушының игеретін
білімі,
білігі
мен
дағдысы
нормативтік
сипатта
болғандықтан, оларды бағалаудың ӛлшемдері (критерийлері)
нақты беріледі.
Мысалы, жазу үлгісінің, есепті орындаудың эталоны
(үлгісі) болады, сонымен қоса, оны орындау деңгейі де
белгіленеді. Баға қоюда берілген эталон мен оқушының
орындау деңгейі салыстырылады да, қаншалықты үлгіге
сәйкес келетіні бағаланады. Берілген норма (эталон, үлгі)
шын мәнінде оқушының тапсырманы орындау деңгейін
ӛлшейтін құрал болып табылады. Сӛйтіп, қаншалықты сынға
ұшыраса да, дәстүрлі оқытудағы бағалауды белгілі бір
дәрежеде обьективті деуге болады. Солай бола тұрса да,
қалыптасқан
дәстүрлі
педагогикалық
іс–тәжірибеде
оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының ӛзін
259
бағалауға, тіпті, жаза қолдануға айналып кеткені белгілі. Бұл
бүгін кӛптеген келеңсіз жағдайларға, мысалы, білім алу үшін
ғана емес, баға үшін оқуға әкеліп отыр.
Жобалау жұмысында оқушылардың алатын ӛнімдерінің
(нәтижелері) білім, білік, дағды сияқты нақты нормативтік
сипаты болмайды. Соған орай жобаның нәтижелері оның
мақсатына
қаншалықты
сәйкестігі
бағаланады.
Ал
жобалаудың мақсаттары бірдей болмайды, сол себепті
бағалау критерийлері үнемі ӛзгеріп, қойылатын талаптары
ӛлшеуге сәйкестендіріліп отырады.
Оның бірнеше мүмкіндіктері бар. Мысалы жобаға бір
емес, бірнеше баға беруге болады: топтың бірлескен жұмыс
деңгейі; жобаның идеясының ӛзектілігі; оның жүзеге асыру
тиімділігі, сәтті жасалған презентация, т.б. Жобалау әрекетін
бағалаудың әдістемелік нұсқаулары тәжірибеде жасалып
енгізіліп те жүр. Тӛменде жобаларды
бағалаудың ӛлшемдерін
ұсынамыз:
1.
Жобаның барлық кезеңдерін орындаудағы ӛз
бетіндік жұмыс жасау дәрежесі:
2.
Оқушылардың топтық жұмысқа араласу және ӛз
рӛлдерін орындау дәрежесі;
3.
Пән бойынша, жалпы мектепте алған білім, білік,
дағдыларын пайдалана алу дәрежесі;
4.
Жобаны
орындауда
пайдаланылған
жаңа
ақпараттар саны;
5.
Пайдаланылған ақпараттың мәнін түсіну дәрежесі;
6.
Қолданып отырған әдістердің күрделілігі және
оны игеру деңгейі;
7.
Мәселені шешу идеясы мен шешу жолдарының
жаңалықтың тың болу дәрежесі;
8.
Жобаның мәселесін анықтау мақсатын қою және
оның мәнін түсіну деңгейі;
9.
Презентацияны,
жазбаша
есепті
дайындау,
ұйымдастыру және ӛткізу дәрежесі, оның
барысында кӛрнекі құралдарды пайдалану деңгейі;
10.
Рефлексия жасай білу деңгейі;
11.
Презентация жүргізудегі шығармашылық
дәрежесі;
260
12.
Алынған
нәтиженің
әлеуметтік
және
қолданбалы маңызы;
Оларды тӛмендегі 8-кесте арқылы бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |