Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет92/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін 
анықтайтын кӛрсеткіштердің
маңыздысы–олардың ӛз 
жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл 
– оқушының жобаның жалпы идеясын түсінуін және осы 
міндетті орындамай, жобаның нәтижелі болуы мүмкін 
еместігін кӛре білуінің айғағы. 
Келесі кӛрсеткіш – жобалау идеясын орындамай 
жатып, басқа да тартымды жұмыстарға араласуға бармау, 
жобаны аяғына жеткізуге күш жұмсау.
Тағы бір кӛрсеткіш-ӛз пікірінің ӛзгелерге түсінікті 
болуына кӛңіл аудару, басқа адамдардың пікірін ескере 
отырып, ӛз ойлары мен ұсыныстарына ӛзгеріс енгізе білу. 
Жоғары сыныптарда оқушылар топтық қатынас 
болсын, жай қатынас болсын, рефлексиялық баға бере алады. 
Ал негізгі мектепте түгелдей жету мүмкін емес. Сондықтан 
негізгі мектепке тән жасӛспірімдік шақта топтық жұмысты, 
оның нәтижелерін, коммуникациялық деңгейлерін талдауға 
үйретілу керек. 
Оқыту 
әдістемесі 
дәстүрлі 
түрде 
жүргізілетін 
мектептерде мұғалімнің рӛлі басым болып, ол оқушыдан 
сабақты тек қана тақтаның алдына ғана шығарып сұрайтын 
болса – бұл мектептерде жобалау әрекеттерін ұйымдастыру 
оңай емес. Ол мектептерде қалыптасып қалған дәстүр – 


245 
стереотипті ойлау, үйренген жолмен ғана жылдар бойы 
жүру. 
Жобалауды ұйымдастырудың тиімді жолы–осы бағытта 
мектепте белгілі бір қалыптасқан дәстүрдің болуы. Оның 
мәні педагогтарда әр пән бойынша жобалау әрекеттерін 
ұйымдастыру тақырыптарының болуы, сыныптан тыс 
жұмыстарды жобалауға ұсыныстардың дайын екені ғана 
емес. Ең бастысы–жобалау әрекеттерінің элементтері таныс 
болуы, педагогтардың белгілі бір жобаға қатынасу 
тәжірибесі немесе жоғары сынып оқушылырының кіші 
жастағы балаларды ӛз жобаларымен таныстыруы бірнеше 
сыныптан тыс жобалардың тәжірибесі болуы маңызды. Біз 
осы жерде жобалау әрекеттері белгілі бір деңгейде 
жүргізілетін мектеп жағдайында және жобалау әрекеттері 
мүлдем таныс емес мектеп жағдайында оны дәстүрге 
айналдыру жолдарын қарастырамыз. 
Жобалау әдістерінен азды–кӛпті тәжірибе болған 
жағдайда, олардың белгілеріне, символдарына кӛңіл 
аударылуы тиіс. Мысалы, жобаны ұйымдастыру сәттерінен 
түсірілген суреттер, бейнефильмдер, жинақталған альбомдар, 
кітапшалар, оқушы портфолиосы, кӛрмелер, т.б. Жобалауды 
ұйымдастыру дәстүрлі мектептің қатып қалған тәртібінің 
ауқымына 
сыймайды, 
оның 
атрибуттары 
қазіргі 
оқушылардың 
қарым–қатынас 
ерекшеліктеріне, 
еркін 
ойлауына сәйкес келетіні белгілі. 
Егер 
де 
жобалау 
бұрын–соңды 
мектеп 
тәжірибесінде болмаған жағдайда оны ұйымдастыру ӛзгеше 
болады. Бұл кезде педагогтар арасынан бастамашы топ 
құрылып, 
оларды 
жобалау 
әрекеттеріне 
даярлау 
ұйымдастырылады. Оны элективтік курстар арқылы 
жүргізген тиімдірек. 
Алғашқы жобалар қысқа мерзімдік (1-2 апталық) 
болғаны дұрыс, және олар кеңесші – педагогтың қатысуымен 
ұйымдастырылады. Жоба жұмысы аяқталып, нәтижесін 
презентациялау барысында оқушылар мен педагогтардың 
белсенді қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс. 
Жобалау жұмысын рәсімдеу, ӛзіне тән белгілері 
мен атрибуттарын қатаң сақтаумен қатар, оқушылар үшін 
оның маңызын, стационарлық сипатын сезіндіру үшін 


246 
мектепте жобалау зертханасы, техникалық үйірмелер, 
авторлық немесе шығармашылық топтар т.б. құрылымдар 
мәні ерекше болды. Бұл құрылымдар оқушылар жобасын 
жүзеге асырудағы сабақтастықты педагогтардың, түрлі 
жастағы балалардың бірлескен әрекеттердің дәстүрге 
айналуына ықпал етеді. Педагогтармен бірге жоғары сынып 
оқушылары жобаларын жасау, тӛменгі сынып пен жоғары 
сынып оқушыларының бірлескен жобалары, сонымен қатар, 
сыныптан тыс ата – аналар қатысуымен жасалған 
жобалардың ӛз тарихнамасын құрып, жобалауды мектеп 
дәстүріне ендіруге негіз салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет