Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
кітап 2

Қан айналу органдары
. Дөңгелек ауыздылардьщ қан 
жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. 
Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын 
жүрегі болады. Жүрекшеге жұка қабырғалы веноздық синус 


131 
(вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары 
қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 жұп қан алып келгіш 
желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына 
барады 
Ә
рбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен 
қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан 
алып келеді, анығырақ айтқанда, алдыңғы желбезек 
қапшығының артқы жартысына ж
ән
е одан кейінгі 
желбезектің, алдыңғы жартысына қан жеткізеді.Қанды алып 
кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп 
құйылады, одан алға қарай ұйқы артериялары кетеді де ал 
қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып 
есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, 
дененін, артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена 
қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена 
қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны 
артқы қос кардиналдық веналарымен келіп осы вена қуысына 
құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена 
мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық 
системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен 
келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының 
қақпалық системасы болмайды. 
Нерв системасы
. Дөңгелек ауыздылардын, миы бес 
бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша мидан 
тұрады. 
Ә
сіресе алдыңғы ми 
жән
е мишық басқа 
омыртқалылардың миынан кішірек. Ми қақпағында нервтік 
заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық 
мидын, үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал 
оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан. 
Мидан 10 жұп нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі 
болып (арқа ж
ә
не құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа 
омырткалылардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды, 
сондықтан ондай нерв аралас нерв болмайды. 
Сезім органдары
- өте қарапайым. Есіту органы ішкі 
құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. 
Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің 
паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар 
жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп 


132 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет