Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет59/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Байланысты:
кітап 2

5.6 Амфибия (Amphibia) 
Амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен 
құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы 
болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік 
етуіне байланысты 
қосмекенділер 
деп атаған. Өкпесі нашар 
дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының 
қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия 
ж
ән
е вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті 
денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. 
Аяқтары бес саусақты болғанмен де 
әл
сіз, денесін тік кетеріп 
тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы 
балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы 
орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта 
болады.Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—
2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады: 


133 
Құйрықтылар (Саudаtа немесе Urоdеlа) 
Аяқсыздар (Ароdа) 
Құйрықсыздар (Апuга немесе Есаudаtа). 
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз 
таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте 
дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай 
жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар 
мүлдем болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет