Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет20/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-40-


Әкпем
қызын құшақтап отыр. Рахима өксіп
-
өксіп жылайды. Бәріміз де қыран күлкі болдық. 
Әжем


Біреудің май бергені —
шешесінің су бергені, —
деді.
Апам:

Қанша
жақсы көргенімізбен мынау бізге бала болмайды екен, —
деді.
Сөйтіп, Рахима бізден 
қанша қаймыққанымен, шешесі мен інісін жақсы көретіндігін жасыра алмады. Шындықтың
аты 
шындық та!
** *
Іздән әпкем
ауылына қайтып кеткелі бір айға жуық мерзім өткен. Бір күні апам іс тігіп 
отырады. Рахима мен Бауыржан апамды маңайлап ойнап жүреді. Бір уақыт апам машинасының 
қобдишасын ашып, оның ішіндегі қиындылардан кәдеге жаратуға қажеттісін аударыстырып іздей 
бастайды. Сөйтсе, Рахима әлгі қиықтардың біреуін ұстап алып ажырамайды дейді.

Әй, мынаған не жоқ, бері әкел, —
дейді апам. Рахима бермей ала қашады. Сонда Бауыржан:

Әпкемнің
көйлегі. Бүл Іздән әпкемнің көйлегі, —
депті.
Апам сонда барып түсініпті. Қиық шындығында да анада әпкемнің тігіп киген көйлегінен 
қалған екен.
Апам осы жайды маған күле тұрып әңгімеледі.

Рахима, сүйттің бе? Дұрыс. Шешесін кісі ұмытушы ма еді?
Рахима біздің әңгімемізге назар аудармаған болғансиды. Бірақ
бәрін түсініп тұр. Бұл біраз күн 
әңгіме
болып жүрді. Естігендердің барлығы да Рахиманың бауырмалдығына қайран қалатын. 
Жұрттың мұнысына Рахима қатты ыңғайсызданушы еді.
** * 
Бір күні түс кезінде баласын көтеріп көрші үйдің келіні Баян келді. Рахима жас баланы 
қызықтап, Баянның жанына барды. Ол кісі Рахиманың інісін жақсы көретінін білетін еді.

Рахима, Апат, Апат


деп баласын Рахимаға ұстата салды. Шынымен, Рахмет деп қалған 
болуы керек, Рахи

-
41- 


ма балаға әрлі
-
берлі үңіліп қарады. Сонан соң көңілі біртүрлі пәс болып, жабырқап қалды. 
Осыны сезді білем, апам:

Інің ғой, әке, інің ғой, —
деді.
Рахима апама ала көзімен қарады. Осыншама әділетсіздікке төзе алмады, бақырып жылап қоя берді.

Айналайын, айналайын, Апатын сағынып жүр екен ғой. Қап, қап! —
деп апам Рахиманың
бетінен 
қайта
-
қайта
сүйіп жатып әзер жұбатты.
Әбден
ыза болып қалған екен, Рахима көпке дейін өксігін
баса алмады. Міне, осыдан кейін ешкім де 
Рахиманы мазақтамайтын болды.
** *
Рахима бала болып орынсыз ашу шақыруды білмейді. Өзі
құралпы балалармен бірдеңеге келіспей 
таласты екен, қатты
мұңайып
ойланып қалады. Бар болғаны осы ғана. Мен оның мұнысын момыңдыққа 
жорушы едім. Сөйтсем, оным бекер болып шықты.
Көршіміздің Рахимамен түйдей жасты Дәнеш деген қызы
бар. Ал Дәнештің әпкесі Майра Алтынмен 
құрдас

Олар үнемі Алтындармен бірге ойнайды. Бүгін де бәрі ауызғы үйде отырған. Дәнеш пен Рахима бір 
нәрсеге келісе алмай қалды. Рахима байланысқысы келмей шегіне беріп еді, Дәнеш шапалақпен жағына 
тартып кеп жіберді. Рахима жылар деп едім, өйтпеді. Дәнешті бас
салып, басы
-
көзіне карамай төпей 
жөнелді. Бұларды ажыратамын деп Алтын мен Майра екеуі де ұрсысып қалды. Тату
-
тәтті ойынның 
шырқы бұзылды. Балалардың араздығы деген қаншаға
барушы еді, ертеңіне
-
ақ бөрі бірлесіп ойнап кетті.
Рахиманың өзін ешкімге басындырмайтын өжеттігі бар екен. Мен осыны көп уақыт ұмыта алмай, 
өзіне
қатты разы болып жүрдім.
** *
Әкем
жұмыстан келіп, жуынып дастарқан басына жайғасқан
соң, мынадай әңгіме бастады:

Кемпір, Іздәндар
Қорағаты өзенінің бойына көшіп келіпті. Енді біраз күнде
құмға көшеді дейді. 
Онда олармен қатынасу қиынға соғады. Осындай жақын отырғанда
қыздарын
апарып берейік, —
деді.
-42- 



Қой, бауыр басып қалдық. Балалармен ойнап жүре берсін де.

«Кісі баласы кісендесең
де тұрмайды» деген ғой. Сол рас. Босқа әке
-
шешесін сағынып, мазасы 
кетіп жүр.

Қап, балалар қоңылтақсып қалатын болды
-
ау! Әсіресе Бекенге қиын тиетін болды. Екеуі бір
-
бірінен екі елі айрылмаушы еді.

Не қылар дейсің? Одан да дүкенге бар да, балаларға тәтті
-
мәтті алып кел.
Апамдар жолға әзірлене бастады.

Мен де барамын.

Бармайсың. Әжеңмен бірге қалып, балаларға бас
-
көз болып отырасың, —
деп апам қағып 
тастады.
Үлкен
адаммен ерегісіп бола ма? Амалсыз көндім.
Рахима төсек салмай тұрып, ерте ұйықтап қалды. 
Мен төсегімді әзірлеген соң, оны апам көтеріп кеп, жаныма жатқызды. Сонан кейін көрпемен 
Рахиманы қымтап жауып жатып:

Бекен, Рахима ашылып қалмасын. Бүгін абай болсаң болды, ертең аулына алып жүреміз, —
деді 
маған.

Апа, —
дедім мен, —
осы мен балаға суықпын ба?

Оны неге сұрадың? Ашуланғанда не айтылмайды дейсің. Сен соның бәрін көңіліңе
алып жүреді 
екенсің ғой. Қой, ұйықта.

Бәрібір қанша ашуланған күнде де көңілге тиетін сөз айтылмауы керек қой!
* * *
Рахима күндегісінше менің жанымда мұрны пысылдап, ұйықтап жатыр. Ал менің ұйқым келер 
емес. Ойыма әрне келеді.
Үй
ішіндегілердің бәрінің мені «балаға суық, тас бауырсың» дейтіні несі 
екен? Басқаны былай қойғанда, әжемнің де «шыли зәрлісің» дейтіні бар.
Қандай
да бір бөпенің 
жыламсырап қынқ деген даусы шықты болды, осы сөздер зірк етіп, жүрегіме тиеді. Содан болар, 
елден бұрын әлгі бөпенің жанына жетіп барамын да, дереу жұбатуға кірісемін. Жұрт құсап
кәдімгідей «әл, әл,
әл» деп аймалап, айналып
-
толғанамын. Бір жаман
жерім, бөпе жылауын қоймаса, 
мұным көпке созылмайды. Әп
-
сәтте зығырданым қай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет