-
Ей,
мынау қайтеді, ей!
Төбемнен жай түскеңдей болды. Жалт қарадым. Ашулы шешем кіріп келеді.
Бұлар Алтын мен Бауыржанның кішкентай күндері ғой. Мені жаманатқа қондырып жүрген
осындай бір болымсыз жайлар. Әйтпесе, Алтын, Бауыржан, Рахималарды дәл қазір менен артық
жақсы көретін кім бар үйде! Соны біле тұра, қит етсем болды, үлкендердің «балаға суықсың, тас
бауырсың» деп жазғыруы мүлде дұрыс емес сияқты.
* * *
Осыларды
ойлап жатып ұйықтап
кетіппін. Әкем шешеме сөйлеп жатыр екен.
-
Рахиманы оятып, киіңдір.
-
Арбаны жегіп болдың ба?
-
Иә. Ал Рахиманы дайында.
-
Қазір. Шешем келді де:
-
Әуппа
,
—
деп
Рахиманы көтеріп алды.
Рахима ұйқысырап қыңқылдады.
-
Оян,
айналайын, оян. Апатқа барасың. Апат. Рахима ұйқылы көзімен түкке түсінбеді,
жылады.
-
Апа, жата тұрсыншы.
-
Сен ояу ма едің? Тұр онда.
Мен ауызғы үйге шыққанша, апам Рахиманы киіндіріп қойыпты.
Үй ішінің бәрі ояу екен. Әжем, Алтын, Бауыржан —
бәрі Рахиманың маңында шүпірлеп жүр.
-
Рахима, әжеңді сағындырмай келіп тұр. Әкелші бетіңді.
-
Рахима, тұлымыңды өстіп тарап жүр.
-
Иахима, мә, Мишка. Апатқа бей. Мен де араластым:
-
Рахима, мені ұмытпайсың ба?
Рахима жымиып, басын шұлғиды. Мақұлдағаны. Жанына жетіп
барып аспандатып көтере
бердім, көтере бердім.
Әкем
кірді сырттан. Тап
-
таза мұнтаздай болып киініп алыпты. Қолында арба қамшы. Бізді
асықтырды:
-
Ал жүрейік. Болыңдар. Сонша үймелегеңдерің.
-
Қоя
тұр. Балалар қоштасып алсын. О
немене, сонша асығып.
-
Апа
-
ау, күн ысып кетпей жетіп қалайық дегенім ғой.
-48-
-
Мейлі, ендеше,
далаға шығайық, —
деді әжем.
Бәріміз далаға шықтық. Арбаның ырдуанына шөп толтырып, үстіне киіз жайылыпты. Күрең бие
жол тілеп, тықыр қағып тұр. Әкем
екі езуін кере қаңтарып ақ қойған
екен, соңда да шыдам табатын
емес.
Арбаға алдымен апам мініп жайғасты. Онан соң әкем Рахиманы
құшақтап апарып апамның
алдына отырғызды. Рахима көзі жаутаңдап, бізге қимастықпен қарайды. Жүзінде —
қуаныш. Әке
-
шешесіне,
бауырына бара жатқан
адам қуанбай, кім қуансын енді!
Әкем
божыны
қолына ала бере, күрең бие лып беріп жүріп кетті.
-
Рахима, сау бол!
-
Иахима, сау бол!
Бәріміз осылай деп шуласып, жапа
-
тармағай
қол бұлғадық. Рахима да қол бұлғап барады.
Мен бір түрлі көңілім
бұзылып, мұнан әрі тұра алмадым. Зып беріп үйге қойып кеттім. Келдім
де, отыра қалып, сырты қызыл үлкен дәптеріме Рахима туралы ойымда калғанның бәрін тізіп жаза
бастадым. Міне, енді күн
-
түн демей бітіріп отырмын.
Ал мен балаға суықпын ба? Соны біле алмай әлі далмын.
Ол жағын енді өздерің білерсіңдер...
Достарыңызбен бөлісу: