генде моторшы боламын, сиыр бағамын. Оқу неге керек? Жүре беремін сиырлы ауылда.
Бұл, әрине, Аралдың жаны кейіген соң айтқан сөзі. Әйтпесе оқымаушы ма еді, оқиды. Келер
жылғы бірінші қыркүйекті асыға күтумен болады бұл. Атасы оны жақсы біледі.
Сонда да
Аралдың мынасына бірдеңе деу керек.
-
Әй, балам
-
ай, оқисың. Оқу керек.
-
Оқымаймын!
-
Оқығанның кім, оқымағанның кім екенін көрмедің бе жаңа? Деректірдің кей сөзін түсініп,
кей сөзін түсіне алмай, дал болып келеміз, міне, енді. Оқымасаң көрген күніміз —
осы. Сиырлы
ауылды қоя тұр. Жүр осында. Көше тәртібін үйрен біраз.
Шынында, сиырлы
ауылда Арал қатарлы бірде
-
бір бала жоқ
қазір. Бәрі оқуда. Кіммен ойнамақ
бұл? Жас балалармен бе? Жоқ.
Олармен ойнадың не, ойнамадың не?
Аралдың астыңғы
ерні салпиып, үстіңгі ерні дүрдиіп діріддеп барады.
«Сиырлы ауылда не бар маған? Мен оқимын». Арал еңіреп жылап жіберді.
Жерге отыра
қалып
жылады.
Қапелімде
мұндайды күтпеген атасы сасып қалды.
-
Ой, бәтір
-
ау, мұның нең?
-
Мені неге алмайды оқуға? Мен бармаймын үйге. Оқимын.
-
Жасың жетпей қалды емес пе? Сонан соң алмайды.
-
Алады. Қайтсе де оқимын.
-
Қой, балам, тентек болма.
Атасы
Аралды қапсыра құшақтап, көтеріп, арқалап алды. Арал
көз жасын тыя алмай өкіріп
жылап келеді. Мектептен ұзаған
сайын артына қарап қойып, өксіп
-
өксіп кетеді. Үйге
жақындағанда мектептен де, мұғалімнен
де, директордан да —
бәрі
-
бәрінен көңілі қалып, ашу
-
ызасы бірте
-
бірте сейіле бастаған. Әжесін көрген бойда тағы бақырып
жылады. Атасы мен әжесі
Аралды екеулеп отырып әзер жұбатты.
Арал оқудан осылайша шеттеп қалды.
Достарыңызбен бөлісу: