мінездеме бермейді,
мінездің тікелей көрінісін, яғни одан туындайтын іс
-
әрекетті жазады. Енді
әлгі адамның —
мінез иесінің жақсы, яки жаман екенін оқушы
өзі пайымдап жатады.
Бауыржан туралы Рахима апайдың айтқанының бәрі рас.
Бауыржан туралы менің жазғандарымның бәрі рас.
Адамда бір
-
ақ өмір болады.
Оның сол бір
-
ақ өмірі қаламына іліккен екен, жазушы азапқа
түсті дей бергін. Ол
адам иесіз аралда жалғыз
қалған Робинзон емес, өзін қоршаған ортада,
үлкен
-
кішімен,
жолдас
-
жораларымен бірге өмір сүреді. Еңдеше, жазушы басты геройын сол
адамдармен қарым
-
қатынаста бейнелеуге мәжбүр. Бұл —
еркінсуге жол жоқ, олай
-
бұлай тырп
ете алмайсың деген сөз. Өтірікті жазып көр, еститініңді естисің.
Ондай жазушының көсегесі
көгеріп, көрпе
-
жастығы ұзармайды.
Менің Бауыржаным да бірқыдыру адамдардың ортасында жүрген бала. Бір нәрсені асырып,
не жасырсам, Бауыржанға да, оның достарына да қиянат болар еді. Ең әдемісі —
шыңдықты
жазу.
Жазушыны діттеген жеріне жеткізетін жалғыз ғана ғажайып күш
-
шыңдық.
Даңқты қолбасшы, аттас атасы Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған шығармалардың
барлығы
қандай шын болса, үшінші «в» сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов туралы бір топ
әңгімелерден өрілген бұл повесть те сондай, өмірдің өзі.
Мұның атын әке
-
шешесі Бауыржандай болсын деп Бауыржан қойған. Бұл Бауыржандай бола
ма, жоқ па, оны келешек көрсетер. Әзірге Бауыржан —
бала. Баланың алдына кім шығыпты?
Бауыржан қандай бала?
Оны енді өздерің жеке
-
жеке әңгімелерден тұратын мына повесті
оқып барып көріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: