-
Не, қалада оқитын адамдарға үй бермей ме?
-
Береді. Жатақхана береді. Отбасылылар өстіп жеке меншік пәтер жалдап тұрады.
Арал құдды үлкендерше қорытынды жасады:
-
Онысы жаман екен. Бұдан да ауылдың өзі жақсы ғой. Қайта көшіңдер.
-
Оқуды қайтеміз?
-
Оқымай
-
ақ жұмыс істегеннің өзі жақсы емес пе?
-
Оның дұрыс
-
ақ. Бірақ оқу да керек қой.
«Оқу да керек». Оқу! Аралдың
жүрегі сыздап қоя берді. Бағана Жайық ауылда калып, өзі
қалаға кетіп бара жатқанда
Аралдың қуанышында шек болған жоқ. Жайық ауылда жүр. Ағасы
мен жеңгесі де қалада оқып жүр. Арал ауылда босқа жүрген. Мұнда да сөйтпек пе? Жоқ. Ауылға
кету керек. Сиырлы ауылға барып, әкесі мен шешесіне қолғабыс жасағаны дұрыс емес пе?
Сиырлы ауылда Аралдың іші пыса қоймайды. Әр кез жұмыс табылады.
-
Аға, мен ауылға қайтамын. Аралдың ағасы мен жеңгесі сасып қалды.
-
Қайтамының
не, келмей жатып?!
-
Енді не істеймін? Босқа жүрмекпін бе? Ойнайтын бала да жоқ.
-
Бала табылады. Үй иесінің сен қатарлы екі қызы бар. Солармен ойнайсың.
* * *
Ертеңіне Аралдың ағасы мен жеңгесі оқуға кетті. Олар Аралдың кішкентай інісін балалар
бақшасына ала кетті. Арал үйде жалғыз қалды.
-
Арал, біз түске таман келеміз. Сен алысқа ұзамай, осы үйдің қыздарымен ойнап жүр, —
деді
ағасы.
-
Олармен ұрсысып қалма, —
деді жеңгесі.
Арал үй иесінің қыздарымен оп
-
оңай танысты. Екеуі бір
-
бірінен айнымайтын кертпіш мұрын,
томпақ бет, шаштары баланікіндей қысқа
қиылған сүйкімді қыздар екен. Арал екеуінің даусын
естіп, далаға шыққан. Олар мұны көрген бойда шүпірлеп бас салды. Алдымен үлкені тіл қатты:
-
Кто ты такой?
Арал орысша білмейтін. Түсінбеді.
-
Наверное, он не знает русского языка. Сен кімсің?
Достарыңызбен бөлісу: