Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет39/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
КӨРШІЛІК ПАРЫЗ
 
 
 
Бауыржан
мен Қаламқас ортадағы қатардағы алдыңғы партада отырады. Күңде
-
күнде бір 
партада қатар отырған соң, бірен
-
саран
майда
-
шүйде көз аларту болып тұрады, әрине. Бірақ онда 
тұрған не бар, ештеңе жоқ. Кішігірім
 
-78



кірбіңді елей берсе, жүйкесі жұқарып, тозып
кетер адам. Екеуі, негізінде, тату көрші.
Бауыржан —
құлағы түрік, шапшаң бала. Рас, кішкене мазасыздау болып кететіні бар. 
Қаламқас

жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. Рас, шектен шығып бара жатса, 
Бауыржанға басу айтатыны бар.
Әсіресе, кеше қатты қырына алды. Алғашқы сабақ үстінде
-
ақ:

Бауыржан, тыныш отыр! —
деп әңменінен қадала кеткені.
Бауыржан ыза болып, кәдімгідей 
бұртиып қалды.
Өкпелейін десе, Қаламқастікі дұрыс. Тым алақтап
-
жұлақтап кеткен Бауыржан 
сабасына түсті.
Көріп отыр екен, Рахима апай:

Бұларың
дұрыс.
Екеуің бір партада отырсыңдар. Біріңнің кемшілігіңді бірің
өстіп түзетіп 
жүргендерің жөн. Көршілік парыз —
қиын, —
деген.
Сол сол
-
ақ екен, Қаламқас Бауыржанға 
шұқшиды
дейсің бір.
Үзіліс
кезінде Бауыржан алыс
-
жұлыс ойынның ортасында болуды ұнатады. Ойынға бір 
кіріскен соң, белгілі ғой, шамадан асып кеткеніңді білмей қаласың. Бауыржан да елден ерек емес, 
қайта ойынға жан
-
тәнімен кірісетіннің нағыз өзі.
Міне, енді алғашқы үзілісте ойын жаңа қызған. Бауыржан тізгінді ағытқан, Қаламқас сап ете 
түскені.

Бауыржан, жетеді! Доғар енді ойынды, —
деп қасқая қарап тұр.
Ал керек болса, бұдан кейін ойнап көр. Адамның беті бір қайтып қалған соң бола ма, 
Бауыржан топ ішінен сытылып шыға берді. Ренжиін десе, Қаламқастікі дұрыс. Ерен есіріп
кеткен 
Бауыржан амалсыз басылды.
Бауыржан күндегі әдетімен
сабақ бітісімен, сыныптас достарымен бірге мектептің дәл 
алдындағы аялдамаға тартты. Ал, шындығына келсек, Бауыржанға аялдаманың түкке қажеті жоқ, 
үйі мектептің дәл іргесінде. Бірақ Бауыржан дүрмекпен аялдамаға келгенді, жолдастарын 
шығарып салғанды жақсы көреді. Автобус бірінен соң бірі ағылып келіп, кілт тоқтай қалады. 
Жұрттың лықсып шығып, лап қойып мініп жатқаны. Бауыржанның достары автобусқа мінуге 
асықпайды, бұлар елдің
 
-79- 


мінген
-
түскенін қызықтайды, аялдамада асыр салып ойнайды.
Дәл солай мәжірежай болып жүрген, қайдан шыққанын, Қаламқас пайда бола қалғаны.

Бауыржан, қой, жетеді ойнағаның, үйіңе қайт, —
деп қадалды. Бауыржан достарынан шеттеп 
қала берді. Үндей алмады. Бірдеңе дейін
десе, Қаламқастікі дұрыс.
Автобус аялдамаға ағылып келіп, тоқтап жатты. Бірақ оның еңді еш қызығы қалмаған еді. 
Бауыржан үйіне тартты.
Келе жатып ойға батты: бұл Қаламқас қамқор болғансып өсте бермек пе? «Аулақ жүр» деп 
қағып тастау керек шығар. Онда Рахима апай оны неге мақұлдайды? Қаламқастікінің бәрі дұрыс. 
Қаламқас та өзі сияқты оқушы. Оның да кемшілігі бар. Ендеше, Қаламқас құсап бұл неге көршілік 
парызын өтеп, оған қамқорлық көрсетпейді? Е
-
е, жарайды, ертең болсын. Ертең алғашқы сабақ —
диктант. Қаламқас
диктантты жай жазады. Апайдың айтқанын бірде үлгеріп, бірде үлгере алмайды. 
Міне, осы ғой Қаламқастың бір осал жері. Жарайды.
Балалар диктант жазуға сақадай
-
сай болып, апайларын күтіп отыр. Бауыржан да, Қаламқас та 
дайын.
Бауыржан кеше бекінген
ойын айтты:

Қаламқас, сен
диктантты менен көшір. Қаламқас шоршып түсті:

Неге?

Сен жай жазасың. Үлгере алмай қаласың. Менен көшірсең, екеуіміз де жақсы баға аламыз.

Сенен көшіріп, жақсы баға алғанша, өзім жазып екі алғаным артық.

Солай ма? Онда мен де сенің тіліңді алмаймын.

Аласың.

Не, сен жаман баға алмақсың ба сонда?

Жоқ, жақсы баға алам.

Ендеше, көшір.

Біреуден көшіру —
жаман әдет. Өзім жазам.

Әдет. Ол неге керек? Жақсы баға алса, бопты да.

Жоқ, олай емес.

Жоқ, солай.
Осы сәт есіктен апай кіріп келе жатты. Бәрі орындарынан тұрды. Енді бұдан әрі сөйлеу қайда. 
Диктант жазу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет