-
Ия, тізем ауырады. Ас үй мен екі арада дамылсыз жүгіре бергенді көтере алмайтын болып
жүрмін. Әкең мен шешеңнің жұмыстан қолы тимейді. Раушан мен Ләйлә әлі
кішкентай. Сен де әлі
бір шәугім шай қоюға жараған жоқсың.
Бауыржанның екі беті өрттей боп кетті. Бекер ерінеді екен.
-
Әже, әжетай, жүрші ас үйге, Мен сізге бір шәугім емес жүз шәугім шай қойып беруге
жараймын. Жүр, көр, шай қойып көрсетейін.
Бауыржан әжесін әй
-
шайға қаратпай, қолынан
тартқан
күйі ас үйге алып кірді. Демде шайнектегі ызылдап қалған суды төгіп, қайта толтырды,
газды өшіріп, қайта жақты. Шайнекті отқа қойды.
Әжесі
аң
-
таң:
Апырау, бұл қалай болды өзі? Демнің арасында бәрін қалайша біле қалдың?
Бәрі дұп
-
дұрыс, орнықты.
-
Әже
,
мен бәрін білемін. Сізге бір шәугім шай қойып беруге жарадым ғой, ә?
-
Білгеніңнен айналайын мен сенің. Жарадың, жарадың.
Әжесі
де, немересі де қуаныштан жарыларман болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: