Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет38/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
МҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?
 
 
 
Мектептің бірінші қабатына бар ғой, осы терезені бекер орнатады. Тегі бір сықиып қалған 
біреу болмаса, бала біткеннің бәрі —
терезенің жауы. Балалар, әрине, терезеге әдейілеп тиіспейді, 
абайламай сындырып алады. Футбол теп, волейбол ат, доп терезеге қарай ұшады, қолыңа тас 
немесе жентектеп қар ал, сілтегенің терезенің көзін табады. Бітті, әрі
қарай сені бір машақат 
күтіп тұрады.
Бауыржан мен Талғат та осындай бір шатаққа аяқ астынан ұрынды. Анықтап айтсақ, 
Бауыржан тепкен доп Талғаттың қолынан сырғып шығып барып, мектеп терезесінің бір көзін 
қиратты да кетті.
Кінәлі кім? Бір
-
біріне үрейлене, әрі жазғыра қараған екеуінің жүзінде де осы сұрақ тұрды. 
«Кінәлі 
-
мен» деп мойындар кейіп екеуінде де болмады. Қайта Талғат:

Терезеге қарай неге сонша қатты тептің? —
деп шап ете қалды.

Қолың
қайда? Ұстасаң етті.

Менің қолымды қайтесің, өзіңнің аяғыңа ие бол. Терезені қираттың, жауап бер.

Ал сен ше?

Мен бе, мен... Сен сындырдың дедім бе, сен.. 
Талғат сөзін аяқтамай теріс айналып, жүгіре жөнелді.
Бауыржан аң
-
таң тұрып қалды

Сабақтан соң Рахима апайға
айтуға бекіңді.
Рахима апай қатар отырған екі шәкіртінің бір нәрсеге 
келіспей қалғанын бірден
аңғарған. Сыныптағы отыз баланың әрқайсысының мінез
-
құлқы өзіне 
әбден мәлім. Бауыржан мен Талғат бір
-
бірімен тату еді, не болған? Сұраса ма екен, сұрамаса ма 
екен? Сабақ соңында көрер.
-77- 


Сабақ бітуге жақындағанда әңгіме адалдық жөніне ойысты.

Апай, адал адам қандай болады? 

деді Қаламқас.

Иә, бәсе, өздерің айтыңдаршы, балалар, адал адам қаңдай болады? 

деді апай.

Балалар шулап қоя берді.

Адал адам ақылды болады.

Адал адам ешкімді алдамайды.

Адал адам —
жақсы адам.

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйейік.
Осы сәт Талғат орнынан атып тұрды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен.

Апай, біз, жоқ мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді 
қайтем


Міне, бұл —
адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойыңда, түзе. Адал адам сөйтеді, 
шындықпен, мейлі ол ащы болсын, бетпе
-
бет келуден қашпайды. Талғат, сен де сөйтіп отырсың. 
Адал адам...
Енді Бауыржан орнынан атып тұрды.

Апай, Талғат —
адал емес, өтірікші.
Барлық сынып Бауыржанға қарап қалған. Талғат бұға
түсті.

Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы.
Талғат 

өтірікші. Терезені біз екеуіміз сындырдық. Бұл жаңа қашып кетіп еді, енді келіп адал 
бола қалыпты.

Солай ма? Рас па, Талғат? Талғат үн қата алмады.

Ой, бұл болмаған
екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы, бірақ шындықты жасырмай дер 
кезінде айту бәрінен де артық. Қап, әттеген
-
ай! Мұны қалай түсінеміз?
Талғат жерге кірермен болды. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет