Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет37/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
НЕ ІСТЕСЕ БОЛАР
 
 
 
Қағаз
қалдықтарын жинауға үшінші сынып оқушыларының көзқарасы әр түрлі. Біреулер бар:

Бұл жаман қағаз неге керек? —
деп мұрын көтереді. 
Енді біреулер:

Қайтеміз, жинау
керек екен, жинаймыз да, —
деп бас салбыратады.
Бауыржан үшін бұл —
бір қуанышты оқиға. «Қағаз қалдықтарын жинау керек» деген хабар 
естілісімен, екі білегін сыбанып шыға келеді.
Міне, бұл жолы да
осылай болды. Бауыржан балаларды жинап:

Ал балалар, бізге қағаз қалдықтарын жинауға комаңда берілді. Тездетіп іске кірісейік, —
деді.

Ура! Қағаз қалдықтарын жинаймыз.

Несі бар, жоспарды орындаймыз. Бәріміз жабылып жинаймыз, қатырамыз.
Бірақ бес саусақ бірдей емес.

Жабылсандар,
жабылындар. Біздің үйде ескі газет
-
журнал толып жатыр. Мен өзім соны 
әкелемін


деп қиқайды Талғат.

Біздің үйде де жетеді! —
деп қостай кетті оны Шоқан

Бауыржанға бұл сөздер мүлде ұнаған жоқ. Әркім өзді
-
өз
үйінен газет
-
журнал көтеріп әкелетін 
болса, оның несі қызық?

Жоқ, бұл болмайды. Бәріміз бірігіп шығамыз, үй
-
үйді аралап, кеңселерге кіріп жинаймыз.

Сол да сөз екен! Сен біздің әрқайсымыздың қанша килограмнан қағаз өткізетінімізді айт, біз 
Шоқан екеуіміз сонша әкеліп береміз.

Иө, сөйтеміз.

Не,
сонда сендер бөлектенбексіңдер ме?

Неге? Өз үлесімізді қоссақ, жетпей ме?

Артығымен қосамыз. Жетеді.
-75- 



Жетпейді. Біліп қойыңдар, сендер әкелген қағаздарыңды бізбен бірге өткізбейсіңдер.

Мейлі. Өзіміз
-
ақ өткіземіз.
Талғат пен Шоқан өстіп, балалардан бөлініп қалды.
Бауыржан бастаған балалар мектептің жанындағы Жамбыл құрылыс тресіне келді де, ұзыннан
-
ұзақ дәліздің екі қапталыңдағы қаптап тұрған есіктерді шетінен ашып, қағаз сұрай бастады. Бұлар 
қай есікті ашпасын, отырғандар қуана қарсы алады:

О, о, балалар келіп қалды. Қағаз қалдығы ма? Бар, бар.

Келіңдер, келіңдер, балалар. Білеміз, сендер жылда осындай кезде қағаз қалдығын 
жинайсыңдар. Дайындап қойғанбыз, —
десіп, буда
-
буда қағаз ұсынды.
Үлкеңдер
де, балалар да көңілді. Кәдімгі бір мереке сияқты. Балалардың әкелген ыдыстары, 
қойны
-
қонышы
қағазға толды да кетті.
Соның бәрін тасып әкеліп, таразыға салғанда, жоспар 
анағұрлым артығымен орындалған болып шықты.
Қағаз
қалдықтарын
қабылдап тұрған оныншы сынып оқушысы Айгүл Берікбаева бұлардың 
өткізген қағазын дәптерге тіркеді де:

Жарайсындар, балалар! Сендер бірінші болып өткізіп
біттіңдер. Бұларыңды енді қабырға 
газетіне жазамыз, —
деді.
Балалар қол шапалақтап жіберді. Осы сәт қолдарында бір
-
бір себет газет
-
журнал Талғат пен Шоқан келе қалды.

Мына балалар да сендердің сыныптарыңда ма еді? —
деді Айгүл.

Иә, біздің сыныпта оқиды.

Оңда әкеліңдер қағаздарыңды, таразыға қойыңдар.

Бізге олардың қағазының қажеті жоқ, қоспаймыз. Өздері өткізе берсін.

Неге?

Олар бізбен бірікпей қойған. Қағазды өз
үйлерінен барып әкелді.

Сендер қосқызбасаңдар, бұлардың қағазын
мен де қабылдамаймын. Мұны қай сынып өткізді 
деп жазбақпын?

Апыр
-
ау, бұларға керегі не, қағаз қалдықтары емес пе еді? Не деп тұр ездері?
Бауыржан бастаған
балалар мәз
-
мейрам болып сыныпқа
беттеп бара жатыр.

Енді қайттік? —
деді Талғат.
 
-76- 



Білмеймін. Құрысын, бұдан былай не көрсек те, сыныппен бірге көрейікші, —
деді Шоқан.

Шынында, мұнымыз ұят болды.

Ұятың не, масқара!

Мына қағазды кайттік, ал?

Қайдам

Талғат пен Шоқан не істерін білмей дал болып тұр. Не істесе болар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет