де етбеттерінен түсті. Бауыржан атып тұрып, үстін қаға бастады. Марат тұрар емес, жатыр.
Бауыржан төніп тұр.
-
Не болды, Марат?
-
Не болды? Сен қағып жықтың мені. Шекем
-
ай, ше
-
кем
-
ай!
-
Мен бе кінәлі?
-
Сен.
Бауыржан кепкасын жұлып алып, шекесін тосты.
-
Мә, ұр онда! Аяма! Мен де жылайын.
Дайын шекені кім аясын, Марат дәл құлақтың түбінен бір қойды. Бауыржан ал кеп жыла! Әй,
көңілшек Бауыр
-
жан
-
ай! Әуелі бүлдіріп алып, артынан соның бодауына әркімге
өр жеріңді тосып
жүргенде не тамтығың қалар екен?!
«АТАМДІКІ»
Бауыржан, Талғат және оның інісі Алдан үшеуі ойнап отырған. Ойыңда ештеңе жоқ,
Бауыржан төрде сүйеулі түрған домбыраға
қол соза берген, Алдан шыр ете қалды.
-
Тиме
-
е! Тарт қолыңды!
Бауыржан бір нәрсені бүлдірген екенмін деп шошып қалып, қолын тартып ала қойды.
-
Ол —
атамдікі. Ұстама. Сындырасың.
Домбыраны адам сындыру үшін емес, тарту үшін алмай ма екен қолға.
-
Алдан, сындырмаймын, тартамын.
-
Ал, Бауыржан, тарт.
Талғаттың сөзі аяқталар
-
аяқталмастан, Алдан домбыраны бас салды.
-
Жоқ,
тартпайды. Сынып қалады. Атам ұрсады.
-
Бер! Тартсын.
-
Бермеймін. Домбыра сенікі
емес, атамдікі. Атам «ешкімге ұстатпа» деген.
-
Қашан? Атам қайта біздің домбыра тартқанымызды жақсы көреді.
-
Жоқ, жақсы көрмейді.
Алдан домбыраны алдына өңгеріп алған, өлсе ажырар емес. Өзінен кіші баламен ерегісіп,
ешкім абырой таппайды.
Достарыңызбен бөлісу: