КӨҢІЛШЕК Бауыржан —
көңілшек
-
ақ, мұнысы әр кез көрініп тұрады. Оның бәрін тізіп жатпай
-
ақ,
осы жаңағы бір әзірде ғана болған мына бір жайттарды айтса, аз болмас.
Қазір
мезгіл мамырдың ортан белі. Күн көзі
үлкеннің де, кішінің де сығырая қарауына
жарап қалған
кез. Мұндай кезде аула қызығы таусылған ба. Тоңып үй кірмесіне тығылатын
қыс, ыстыққа булығып көлеңке қуалайтын жаз емес. Көктемнің бұл шағын қойсаңшы, шіркін
!
Жан
-
жақты саумалдай өскен тал
-
дарақ пен газондардағы сан алуан гүлдер жұпар есіп, кеуде
кеңітіп, жүрек алып
-
ұшып тұрған шақта үйде бала атаулы отырған ба? Жо
-
жоқ, әйда, асыр
сал да, ойна. Доп қу, секірмекті зулат, қуаламақты тасырлат.
Аула балалары дәл өстіп жатыр. Кішкентай балалар құм үстінде жем шашқан торғайша
шүпірлеп ойнап отыр. Одан ересектеу бір топ бала саяқтың үйіріндей олай бір, бұлай бір
жосып өтеді. Бауыржан қуаламақ ойнап жүрген осы жүйрік топ ішіңде. Олар жандарынан
әрбір жосып өткен сайын кішкентайлар бір шулап қалады.
Осындай бір қарбалас шақта
Бауыржан Серіктің добын бар пәрменімен теуіп өтті. Серік те —
бір үйдің еркесі. Бұл
қорлыққа көнбек қайда, ойбайды салды.
Бауыржан бүлдіріп алғанын білді, состиып тұр. Сонан соң домалап анадай жерге енді
жетіп, дамыл тапқан допқа
қарай тұра жүгірді. Барды да, алып келіп Серікке берді. Серік
жылағанын қояр емес.
Жұбату керек. Қалай? Аяғы ғой пәлені бүлдірген.
Бауыржан жалма
-
жан доп тепкен оң аяғын бір адым алға тосып, балағын түріп жіберіп: