-
Сөйтеміз. Білдірмейміз.
-
Бұл «Запорожецке» енді жан адам тимейтін болады.
Өмірбек
ағай өстіп ойда жоқ жерден Бауыржан мен
Талғатқа осындай бір міндет жүктеді. Екі
бала сөзінде тұрды. Ертелі
-
кеш ақ «Запорожецті» көздеп жүргендері.
Файзолла атай балалардың бұл қамқорлығын сезбеді дейсіңдер ме, сезді. Инабатты, тәртіпті
балалар екен деп разы болып қояды. Ол кісі мұны жалғыз өзіне
ғана емес, бүкіл мүгедек атаулыға
көрсетілген құрмет деп біледі.
Атай Бауыржан мен Талғаттың нипель қақпағын шығарып
алмақ болғанын білмейді, әрине.
Білмегені жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: