Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет51/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-96- 


тұра салып, беті
-
қолын апыл
-
ғұпыл жуып, бірдеңе тістеген боп, мектепке тартады. Көкшуланды 
апасы жетектеп бара жатады далаға.
Көкшулан күндіз де есік тырналайды. Үйде басқа жан жоқ, әжесі алып шығады. Кешкісін 
серуенге шыққанда, көкесі ертіп алады. Бауыржан итіне анда
-
санда ғана еш құлықсыз бір 
маңайлаған болады. Бауыржанның мұнысына ең алдымен апасы мен көкесі шыдамсыздық 
көрсетті.

Мынауың керек пе, жоқ па өзі? Керегі жоқ болса, құрт көзін.

Мынадай бірінің үстіне бірін жиған саңдық сияқты
үйде ит үстап бола ма? Ит тұрмақ 
адамның өзі зорға шыдап отырғанда неме керек ол. Әкетіңдер аулақ!
Бауыржанның да айтатын сөзі даяр екен:

Маған иттің керегі жоқ, күшік керек.
Раушан мен Ләйлә
ішек
-
сілесі қатып күлді. Апасы 
күйіп
-
пісіп:

Ойбай
-
ау, күшік ит болмай ма? Мынау да басында күшік болатын. Көжек асырасаң қоян, 
күшік асырасаң ит болады.

Онда маған аквариум әперіңдер. Балық асыраймын. Балық 

барлық кезде балық.
Бауыржанның мына сөзіне көкесі не дерін білмей, сілейді де қалды.

Айтып тұрғаны рас, 

деді апасы.

Сөз тапқанға қолқа жоқ. Аквариум, балық әперіңдер, —
деді әжесі.

Аквариум! Аквариум! 

деп қуанды Раушан.

Балық. Біздің үйде алтын балық болады, —
деп мәз болды Ләйлә


Жарайды, —
деді көкесі. —
Көкшулаңды қайтеміз?

Қойды
адам атпен емес, итпен қайыратын болыпты ғой бүгінде. Әнеукүні Шәкен жата 
жабысып еді, соған береміз, —
деді әжесі.
Солай болды. Көкшуланды қойшы туысқандары алып кетті. Апасы мен Бауыржан зоодүкенге 
барып, аквариум, балық алып келді.
Аквариум қонақжай бөлменің төргі бұрышына орналастырылды, су құйылып, ішіне балық 
жіберілді. Әдемі малта тастар, алуан түрлі су өсімдіктерін салып құлпыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет