Екі бала үн
-
түнсіз Өмірбек ағайдың айтқанын істеді. Өмірбек ағай балалардың қатты қорқып
кеткенін білді, жүзін жылытып, жымиып қойды.
-
Балалар, сендер неменеге дірілдеп тұрсыңдар? Мен құбыжық емеспін, қорықпаңдар,
айтыңдаршы, бұл кімнің машинасы?
-
Кімдікі?
-
Білмейміз.
-
Ия, білмейсіңдер. Білсеңдер, тимес едіңдер. Сеңдер не, қозғалыс белгілерін оқып
үйренбегенсіңдер ме?
-
Жоқ.
-
Оқығанымыз жоқ.
-
Бәсе. Ана алдыңғы
және артқы әйнектерге жапсырылған үш бұрышты белгіні көрдіңдер ме?
-
Көрдік.
-
Көрсеңдер, ол
-
«Абай болыңыз! Рульде
-
мүгедек!» деген белгі. Қарапайым тілмен айтсақ,
бұл белгі —
мына машина мүгедек адамның машинасы дегеңді білдіреді. Ал бұл ақ
«Запорожецтің» иесі Файзолла ақсақал —
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, бір аяғы тізеден төмен
жоқ, Польша жерінде қалған. Сендер
сол мүгедек аталарыңның аяғын ұзартып жүрген көлігіне көз
аларттындар.
Бауыржан да, Талғат та жерге кірермен болды.
-
Ағай, біз білмей қалдық.
-
Бауыржанды бұған
бастаған мен едім. Біз еш нәрсесіне тигеніміз жоқ. Кешіріңіз.
-
Солай ма? Білмегенді кешіруге болады. Көрмейсіндер ме, бұған
ешкім тимейді. Сендер де
тиіспеңдер. Қайта екеуің бір мезгіл бас
-
көз болып
жүріңдер. Бұл қыстай гаражда тұрған. Файзолла
атай енді жаздай мінеді мұны. Ол машинасын ертелі
-
кеш алыстағы гаражға апарып қойып
жүре
алмайды. Сондықтан бұл ақ
«Запорожец» осы жерде тұрады. Біздің үлкеніміз де, кішіміз де мұны
көздеп жүруіміз керек.
-
Ағай, уәде береміз. Сіздің айтқаныңызды орындаймыз, —
деді Бауыржан.
-
Біз енді мұның маңынан ешкімді жүргізбейміз, —
деді Талғат.
Сөйтіңдер. Бірақ сендер бұл қамқорлықтарыңды Файзолла атайға білдірмеңдер, көңіліне келіп
қалар. Адам жақсылығын жарияламай жасар болар.
Достарыңызбен бөлісу: