-
102-
Күз келді де салқын түсті. Аяққа енді бәтеңке кию керек. Бәтеңке киетін болған соң нәски кию
керек екені өз
-
өзінен
түсінікті. Бәтеңке біткеннің шұрық тесік көзі, оған аумақ
-
саумақ өткізіп
шандып байлайтын сала құлаш бауы болады. Киген сайын белді үзіп еңкейіп, екі аяқпен алысып
жату азап емей, немене? Азап, әрине.
Бірақ адамнан амал артылған ба? Бауыржан да ондай анау
-
мынаудан құр алақан емес, бір
қақпайы бар. Бәтеңкені аяққа нәскисіз
-
ақ сұға салып, бауын байламай
-
ақ, бір тартып қап, қара
табанның астына қарай сүңгітіп жіберіп тартып отыруды жақсы біледі. Ал көйлектің, костюмнің,
шалбардың түймелерін жартылай салсаң өмірің жеңілдеп, азап азая түседі.
Бауыржан мұны жақсы біледі, сондықтан да мектепке дәл өстіп келіп жүрген. Ештеңе жоқ,
бәрі дұрыс еді.
Кеше Рахима апай Бауыржанды тақтаға шақырды. Бар пәле осыдан басталды. Бауыржан,
ойында ештеңе жоқ, тақтаға құлшынып
-
ақ шыққан, «Беретін сұрағыңызды
беріңіз» деген батыл
кейіппен апайға қарай берген. Апайдың сұрағы сабақ турасында емес, мүлде басқаша
болды:
-
Бауыржан, мұның
не? Үсті
-
басың не боп кеткен? Түймең салынбаған, бәтеңкеңнің бауы
байланбаған.
Бауыржан не айтарын білмей, қипақтап қалды. Не десін, апайдың айтқанының бәрі
дұрыс.
-
Мұның дұрыс емес екен, Бауыржан. Кәне, алдымен көйлегіңнің түймесін салып қой.
Қайтеді, Бауыржан көйлегінің түймесін салды.
-
Костюміңнің түймесін сал.
Амал қайсы, Бауыржан костюмінің түймесін салды.
-
Ал енді бәтеңкеңнің бауын байла.
Лаж жоқ, Бауыржан
бәтеңкесінің
бауын байламақ болып еңкейе берді. Аяғында нәски жоғын
көрсетпейін
деп, жасқаншақ тартып, бүгежектеп қалды. Рахима апай Бауыржанның бәтеңкені
жалаң аяғына киіп жүргенін көріп қойды.
-
Бауыржан
-
ау, немене, нәскиің жоқ па?
Бауыржанның екі құлағы ду ете қалды. «Ұялған тек
тұрмас» деген рас. Бауыржан қатты
ұялған. Бірақ амал қайсы, бірдеңе деу керек.
-
Бар. Өзім кимей жүрмін, —
деп шынын айтты.
-
Неге?
-103-
-
Ерінем.
-
Қалайша? Сонда түймені салуға да ерінеді екенсің ғой.
-
Ия, ерінем.
Балалар аң
-
таң, ішінара күліп жібергендері де бар.
-
Бұл не болғаны сонда? Балалар, айтыңдаршы, не дейміз Бауыржанның мұнысына?
-
Не дейміз?
-
«Ерінбе» дейміз.
-
Иә, сөз біреу —
«ерінбе». Бір бұл емес, еріншек болсаң, әлі талай ұятқа қаласың.
-
Мақұл. Еңдігәрі ерінбеймін, апай.
Уәде беру
-
о бастан оңай, ал оны орындау —
қашаннан
-
ақ қиын. Бауыржан кейінгісін ойлап
жатпады, оңайына қарай қашты. Ал Рахима апай болса, Бауыржанның айтқанына сенді.
Әрине, Бауыржан да —
өз сөзінде тұратын бала. Ертеңіне мектепке мұнтаздай болып, тап
-
таза
киімдерін киіп келеді. Сонда жан адам бұны тергемейді, ешкім таңырқап қарап, күлкіге
айналдырмайды. Бірақ адамның ойға алғанының бәрі орыңдала бермейді. Қолдан келмеске лаж жоқ,
қолдан келіп тұрғанның орыңдалмағанына, әрине, адамның өзі кінәлі.
Бауыржан ойын қызығымен жүріп, сабақ басталуға жақын қалғанда даладан үйге ентіге кірді.
Мүндайда кей нәрсенің ұмыт қалатыны
-
заңды. Ұмытпайтын біраз нәрсе: алдымен апыл
-
ғұпыл
ауызға бірдеңе салу керек, содан соң сабаққа дайындал
-
дайындалма, қолға портфельді алу керек.
Қалғаны не, аяққа бәтеңкені сұға
сал да —
есіктің тұтқасына жармас, сөйт те, баспалдақпен заулап
кеп жөнел. Сөйтті. Бәтеңкесі күндегісінше тарт
-
тарп етіп, екінші қабатқа жете бергенде барып,
есіне нәски кимегені түскені. «Не істемек керек?»
деп үлгергенше, екпінін тоқтата алмай, далаға
атқып щықты. Кері бұрылайын десе, үйдегі әңгіме сыныптағыдан аз болмайды.
-
Ой, осы бала
-
ақ ұмытшақтығын қоймайды
-
ау! —
дейді
апасы.
Екі қарындасы апасынан қалыспайды:
-
Бұл
нәскисіз
бәтеңкесін қалай киеді? —
дейді Раушан, көдімгі бір мұның нәскисіз жүретіндігін
бірінші рет көріп тұрғандай
-
ақ.
-104-
-
Бауыржанда ешқашан нәски болып көрген емес,
-
дейді Ләйлә, бұл тіпті қыста да носки
кимейтіндей
-
ақ.
Тоқташы, шынында,
нәски бар ма өзінде? Иә, бар, қыстай киіп шыққан. Бірақ олар қазір қайда,
қай қуыста? Оңайлықпен табу қайда? Ал мектепке нәскисіз бару... Жо
-
жоқ, айта көрме!
Бауыржан жалма
-
жан жан
-
жағына қарады... Шеткі бірінші подъездің алдындағы орыңдықта
ерте көктемнен суық күзге дейін әр нәрсені бір ермек етіп аулада жүретін Айбала мен Ұмытшақ
әжейлер отыр екен. Соларға қарай берді де, қатты ыңыранып, ішін ұстап, бүк түсіп отыра кетті.
Екі көзінің қиығы әжелерде. Әжелер де орындарынан атып
-
атып тұрды. Бауыржанға да керегі
осы, қисалаң етіп жата кетті.
-
Ойпырмай, мына балаға не боп қалды?
-
деді Айбала әжей.
-
Соқырішек болған шығар, —
деді Ұмытшақ әжей. Екі әже ентелей басып келіп, Бауыржанды
екі қолтығынан демеп, үйіне алып жүрді. Мына жайды көргенде Зияда
әжей шошып кетті.
-
Ойбай
-
ау, не боп қалды? Жаңа ғана сап
-
сау кеткен бала еді. Бауыржан, Бажабай, не болды
саған?
Бауыржанда үн жоқ.
-
Далаға жүгіріп
-
ақ шығып еді, ішін басып отыра кетті, —деді Айбала әжей.
-
Сөйтті де
тыраң етіп жата кетті, —
деді Ұмытшақ әжей.
Үшеуі
қаумалай әкеліп, Бауыржанды диванға жатқызды. Ләйлә шкафтағы дәрілерге жүгірді.
Раушан телефонға
жармасты. Әжесі Ләйлә
әкеп берген дәрі
-
дәрмек салынған аптечканы апыл
-
ғұпыл ашып жатыр, Раушан «Жедел жәрдемге» жалғасып үлгерді
.
-
Алло... Жедел жәрдем...
Осы сәт Бауыржан орнынан атып тұрды.
-
Мен ауру емеспін!
Әжесінің
қолындағы қаңылтыр аптечка қаңғыр етіп еденге ұшып түсті. Дәрі
-
дәрмектің бәрі
шашылып кетті, Раушан телефон тұтқасын өз орнына тастай салды. Ләйлә селтиіп тұрып қалды.
Айбала және Ұмытшақ әжейлер сытылып шыға берді.
Екеуі:
-105-
-
Әкем
-
ау, мұнысы несі?
-
Бұл бір қызық болды
-
ау! —
десіп тандайларын қағып бара жатыр.
Зияда әжей:
-
Мұның нең, қарағым
-
ау! Жаңа ғана түр
-
түсің бұзылып, ауру болатынсың. Ал қазір екі көзің
жайнап барады. Саусың. Мұның аты не?
-
деп немересін тергей бастады.
-
Түк те емес. Маған дәрі де, дәрігер де емес, нәски керек.
-
Сол
-
ақ па бар болғаны? Ойпырмай, бұл не сөз?
-
Әже, қорықпай
-
ақ қой. Мен әдейі ауырдым.
-
Е
-
е, неге?
-
Сол. Нәски кию керек болды. Ауырдым.
-
Міне, қызық! Түсіндірші, ауруың не, нәскиің не?
-
Кеше мен апайға аяғыма нәски киіп келем дегем. Ұмытып кетіппін. Мектепке барсам —
Рахима апай, бармасам, сендер ұрсасыңдар. Сонан соң ауырдым.
-
Ой,
тентегім
-
ай, сол бір жапырақ нәскиге бола елді осыншама дүрліктіргенің! Раушан
,
Ләйлә әкеліңдер ана шкафтан нәски біткеннің бәрін. Барсын мектебіне, таңдағанын киіп.
-
Жоқ, мен бүгін аурумын.
-
Қой
әрі, біресе —
ауру, біресе —
сау. Бұл қай сасқаның сонша? Ертең мен пенсияма онын
әкеліп қояйын ол нәски деген пәленің. Қазір, көне, табылғанын ки де, жөнел окуыңа.
Киетін киімді күні бұрын дайындап қоймаған соң осы да, жуық арада нәски табыла қоймады.
Енді әжесі де, Раушан да, Ләйлә да үйдегі
зат салатын шкаф, шифоньер, суырма біткеннің
ішін
астан
-
кестеңін шығарып іздеп жатыр.
-
Сен бұрын да өстіп бір рет өтірік ауырғансың,
-
деді Раушан.
Бауыржан шоршып түсті.
-
Қашан
?
-
Анада, тазалық күнінде, —
деді Ләйлә
.
Айтып тұрғандары рас. Құтылып көр енді! Сонда да бірдеңе деу керек қой
.
-
Мейлі. Көп сөйлегенше, табыңдар нәскиді.
-
Табамыз.
-
Барасың мектепке.
-
Барам.
Достарыңызбен бөлісу: |