Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет65/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-115- 


-
Мына ердің құлағына қарандар. Кірі бес елі тура! Бес шертпек. Тырнағы аюдай боп кетіпті 
ғой мына сабаздың, масқара
-
ай! Төрт
шертпек... Шашынды неге алдырмағансың? Мұның үшін үш 
шертпек. Пәлі, сияның бәрі мына шіркіннің қолында жүр ғой. Азып
-
тозуын сонша бәтшағардың! 
Екі шертпек, —
деп тізе береді, тізе береді.
Құтылып көр енді. Барша балалардың алдында бетің 
бар, жүзің бар демей масқара етеді өстіп
.
Ал үсті
-
басы тап
-
тұйнақтай, аяқ
-
қолы тап
-
таза балаларды:

Е
-
е, міне, азамат! Адам болатын баланы қойсаңшы
бұл . Жасынан тындырымды болады 
бұлар, —деп жер
-
көкке
сыйғызбай мақтап ала жөнеледі.
Шертпек беруден құтылудың бір
-
ақ жолы бар, ол үшін дойбы ойнап, Шаншар атайды ұтуың 
керек. Ұтылсаң, тағы пәле, әр ұтылғанына үш шертпектен жамалып отырады. Ал ол кісіні әлі 
күнге бірде
-
бір бала ұтып көрген емес.
Шаншар атай —
дойбыға жаны құмар, атақты ойыншы адам. Дойбы десе, ішкен асын жерге 
қояды. Анау
-
мынау ойыншысымақтарды төрт
-
бес жүріске келтірмей қағып тастайды. Ал оның 
соңы біздің шекемізге келіп бір
-
ақ тіреледі. Сондықтан бала біткен Шаншар атайдың алдынан қия 
өтпейміз. Сонадайдан сәлем беріп, сызылып тұрамыз. Барлығымыз да ол кісіге тек жақсы 
жағымызбен
көрінуге тырысамыз.
Атайдың балалардың шекесін тызылдатуға неге сонша құмартып тұратынын бірде
-
біріміз 
білмеуші едік. Тіпті үлкендер де білмейтін.
«Бір еріккен шал» десетін де қоятын. Ал атайдың 
шертпек алуы мүлде еріккеңдік емес болатын. Егер Бекенге Шаншар атайдың өзі айтпағаңда, ол 
жайды мүмкін ешкім біле алмас та ма еді, кім білсін...
Атайдың айтуынша, Бекен —
адам болатын балалардың бірі. Өздері көрші тұрады. Сол Бекен 
биылғы
жазғы демалыста лагерьге барған. Содан бір ай дем алып, үйіне бүгін тұс ауа келді. «Үйге 
барысымен, амаңдықтан соң Шаншар атайға жолығып, сәлем беремін» деп
-
ақ ойлап келіп еді, 
бірақ үй іші өзін қатты сағынып қалған екен, көкесі
мен апасы әрнені кезек
-
кезек сұрап, шашау 
шығарар
болмады. Бірнеше рет терезеден көз тастап еді, үнемі қыбырлап далада, есігінің алдыңда 
жүретін атай көріне
-116- 


қоймады Бекенге. Содан үй ішінен әрең дегенде босап, төлем беруге келсе, Шаншар атай қолдан 
шапқан қоңыр домбырасын шертіп, екі
қабат көрпенің үстінде жантайып
жатыр екен. 
Шынтағыңда
жастық, жаныңда дойбы.

Ассалаумағалейкум, ата!

Ә, әликумассалам. Бекен бе, ей, мынау! Қашан кеп қалғансың? Әй, айналайын
-
ай, атаңды 
сыйлап, сәлем беруге келдің ғой. Бәсе
-
бәсе, Бекеннен басқа балалардың бәрі көше таптарлар 
демеп пе едім. Ауырып жатқанымда біреуі есіктен сығаламады
-
ау, —
деп Шаншар атай Бекеннің 
қолын алып, кеберсіген ернімен маңдайынан сүйді.
Бекен енді байқады, Шаншар атайдың ат жақты үлкен ақ сұр жүзі сарғыш тартып, азып, әлі 
күнге жанары сөнбеген қой көздері шүңірейіп қалған екен.

Ауырып қалдыңыз ба, ата?

Сен кеткен күннің ертеңіне оңбай жығылып едім, шүкір, әйтеуір. Жан қалды бір жолға. Өтіп 
бара жатқан заман
-
ай десеңші, соған да, міне, айға жуықтап қалыпты ғой. Е
-
е, айтпақшы, шекең 
шертпекті сағынып қалған жоқ па? Бірақ сені қойшы, таза жерде дем алып, асыр салып ойнап 
қайттың. Бәрінен де көшедегі шаңға аунап жүрген сумұрындарды айтсаңшы. Бетінен қағатын 
пенде жоқ. Сыпыра бір шертпек алып, тәртіпке келтірер ме еді өздерін... Ал қарап отырмалық, 
бермен жақында, шертпек тігіп, дойбы ойнап жіберелік. Байқайын сені...
Бекен лагерьде дойбыны жан
-
тәнін сала көп ойнап, әбден үйреніп
қайтқан. Алғаш 
кейбіреулерден ұтылып қап жүріп, кейінгі кезде ойыншылдығына жан шақ келмей қойған.
Дегенмен де, Бекеннің ойынша, Шаншар атайдан асқан ойыншы жоқ. «Қазір жеңіліп қап, 
шертпек беретін шығармын» деп қорқақтаңқырады. Шаншар атай жастығын
биіктетіп, 
көтеріліңкіреп отырды.
Бір рет ойнады. Шаншар атай ұтылды.

Шалымыма келмеуші ең. Апырай, не ғып жіберді? Апай
-
топайымды шығарды
-
ау лезде. 
Қайта
тікші.
Шаншар атай екінші рет тағы ұтылды.
-
Мынау қайтеді, ей? Жан қоятын түрі жоқ қой өзінің. Еңді бір көрейінші.
Атай бұл жолы да жеңілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет