БІР АРҚА ОТЫН Сәске түс. Асқар ұйқылы көзімен есігінің алдына шықты. «Жақсы болды ғой, шекесін
қыздыратын бала таба алмай тұр едім» дегендей Күн жымыңдап, бар қызуын Асқарға
аямай
төкті Асқар манаурап тұрып Күнге қарап еді, жалт етіп көзіне шағылысты. Көзін алақанымен
көлегейлеп, төмен қарап кетті.
-
Асқар, бері келші! Бері келші!
Асқар жалт қарады. Айжан қақпа аузыңда шыдамсызданып, шыж
-
быж болып тұр.
-
О не? Не боп қалды?
-
Бері келші, келген соң айтам. Асқар Айжанның жанына келді.
-
Ал не? Неменеге асығасың сонша?
-
Жолдаяқ отынның үстіне жатып апты, тұрмайды.