-
Ойнаңдар. Ана кішкентай балаларды тоспаға ертіп секіріп, асыр салып шомылындар,
Қарабетке шығып, ылдиға қарай тас домалатып жарыстырыңдар, түнде жамырап жұлдыз
санаңдар, кешке қол жайып Аймен амандасыңдар. Айға не деп сәлем беретінін білесің бе өзің?
Ай көрдім,
Аман көрдім.
Ескі айда есіркедің,
Жаңа айда жарылқа, —
дейді.
-
Білемін.
-
Жөн. Білгенің жақсы. Ал оңда бар, ойна. Бала ойнаған жерде бақ болады. Балалы үй ғана
емес, балалы жұрт та базар. Айналайын Кербұлақ сеңдер барда жетімсіремейді.
Ахметжан атай жалғыз шыбығына ұзындығы бір сүйемдей шөпті іліп алып, атып жіберді.
Мен атайдың сөзі көңілімді әлейім
-
жәлейім етіп тұрып қалдым. Ойланған болдым, бірақ
атайдың сөзінің байыбына жете алмадым.
Өсе
келе түсіндім: Ахметжан атай біздің туған жеріміз —
Кербұлақты шексіз сүйген екен.
Атайдың сөзі сол сәтте
-
ақ көкейіме
сөнбейтін қоз болып
ұялаған. Содан бері ол атайдың ғана
емес, менің де Кербұлаққа шексіз сүйіспеншілігім болып
маздайды да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: