-
Пах, шіркін, оқыған баланы қойсаңшы бұл, жөні бөлек қой... Бұларға тең келіп болмайды.
Бұлар
біліммен
ойнайды ғой, ал біздікі қайбір ойын дейсің. Тағы тігіп жібер, Бекенжан.
-
Шертпегімді беріңіз.
-
Әй,
жаман неме, шертпекті мен сендерден қайбір қолым қышығаннан алып жүр дейсің.
Осылар намыстансын, өнегелі болып өссін, үсті
-
басы таза жүрсін, өнер үйренсін
деп алам да.
Міне, сенің басың піскен екен, еңді сенен алмаймын, сен де мені кеш. Ал ана шіріктер де мені
өстіп жеңіп құтылмайынша, шертпек алғаным алған.
Шекені ойып кете жаздап тызылдататын шертпектердің сырын Бекен енді түсінді.
Бұрын
атайдың бұл қылығына кейде ыза болып қалатын, бақса, бәрі бос түсінбеушілік екен ғой.
Шаншар атай бұларға титтей де
жамандық ойламайды екен, қайта барлығын осылар адам
болсын деп істейді екен.
Сөйткен абзал атайды қайта
-
қайта жеңе бергені үшін бір түрлі аяп,
іші
-
бауыры елжіреп кетті. Мейлі, жүз рет ойнайық десе де, мақұл.
-
Ата, қазір сіз жеңетін шығарсыз. Жүріңіз.
-
Сен мені өйтіп алдаусыратпа.
Мен жеңгеніме қуанбаймын, жеңілгеніме қуанам. Біз қай бір
ойыншы дейсің. Кезек сенікі, өзің бастап жүре бер, —
деді Шаншар атай кеудесін кере бір дем
алып.
Атай жастығын жоғарылатып отырды.
-
Ал онда жүрдік, ата.
Бекен алғашқы жүрісті жасауға құлшына қол созды.
Достарыңызбен бөлісу: