ШАНШАР АТАЙДЫҢ ШЕРТПЕГІ Шаншар атай қызық өзі. Бала біткенге бүйідей тиеді. Қашан көрсең, шертпек алып жатқаны
балалардың шекесінен. Ауылдағы бала біткен Шаншар атайға басын тосуды кешпес қарыз деп
біледі. Кімде
-
кім шақырғанына бармай, қиқаңдап кашып кетсе, Шаншар қарт ерінбей
-
жалықпай,
оны кешке үйіне әдейілеп іздеп барып, шертпекті әке
-
шешесінің
көзінше алады. Атай енді
аямайды, бағана қашқаныңның жазасына деп, аузына неше шертпектің саны түссе, соны алады.
Үш іліксе —
үшеу, бес деп қалса —
бесеу, он бес деді екен —
он бес.
Бір қызығы, ауылда жан
адам ол кісінің бетін қағып көрген емес. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқтың» дәл өзі бұл
Шаншар
атай. Бұған
балалар қашанғы шыдасын, әлбетте, ә дегенде ауырсынады, бірақ оған атай
міз бақпайды. Балалар не қылса, ол қылсын, бірақ оған бірде
-
бір ата
-
ана араша түсіп көрген емес.
-
Өзіңдікі
жақсы ма енді? Бағана шақырғанда қарызыңды беріп кетсең болмайтын ба еді?
Үлкен кісіні әурелеп, қарашы, —
деп қайта баланың өзін кінәлайды.
Шаншар атайдың бұл сырын білетін балалар тынышы осы деп, анадайдан шақырғаннан
-
ақ
шекелерін тосып, икемделе бастайды. Ал, сондайда шертпек алып
қана жіберсе жөн ғой, одан
рахаты бар ма. Шертпек алу деген жай аты, онымен іс бітпейді. Сылтауы толып жатыр атайдың.
Алдымен шұқшиып тұрып үсті
-
басыңды қарап өтеді. Егер киім
-
кешегіңнен, не аяқ
-
қолыңнан бір
ши шығып қалса, бәленің болғаны дей бер. Онда шертпек үстіне шертпек жамалады.