Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет61/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

КӨК ДӨҢГЕЛЕК
 
 
 
Серікбек пен Мараттың қызықты ойынының бірі —
дөңгелек қуу. Екеуінде де бір
-
бір 
дөңгелек, бір
-
бір имек сым. Дөңгелек болғанда 

кәдімгі арба күпшегінің ескі құрсауы. Екеуі 
соны имек сыммен сылдырата қуып айдап, күн ұзақка ойнайды. Ойыннан жалыққан
кезде 
Серікбек деңгелегін мойнына кигізіп ала қояды. Бүл оған дағды болып кеткен.
Мұндайда 
шешесі көріп қалса:

Қарағым
-
ау, андағың не? Көйлегінді былғайсың ғой. Мойныңа салғанша, оныңды қолыңа 
ұстап жүрсеңші, —дейтін қабағын шытып.
Шешесінің тілін
қаншама алайын
-
ақ дегенмен
былай шыға бере дөңгелегін мойнына қайта салып алғанын Серікбек байқамай да қалады.
Әнеукүні
Серікбектің досы —
Марат көшеге су жаңа көк дөңгелек дөңгелетіп шықты. Ол 
сонадайдан
-
ақ:

Ей, менің дөңгелегімді карашы, көкпенбек! —
деп мақтана айқайлап, Серікбектің 
жанына ентіге келіп тоқтады. Екі езуі екі құлағына жетеді.
Серікбек көк дөңгелекке табан 
астында қатты қызықты. Көк дөңгелектің
сыры жалтырап көзінің жауын алды. Тіпті көк 
дөңгелектің даусы да оның құлағына қоңырауша сыңғырлап, жағымды естілетін сияқтанды.

Марат, дөңгелегіңді
айырбасташы. Үстіне қызыл құлжамды берейін, —
деді Серікбек, 
қиыла сұрап.

Е, неге берем! Құлжаң өзіңе, бермеймін, —
деп Марат бұртаң етіп, жауапты шорт 
қайырды

Содан бері: «Шіркін, көк дөңгелекті қолға түсірер ме еді» деген ой Серікбектің 
жадынан бір шықпай
-
ақ қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет