Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет58/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-106- 


Несі бар, табылған нәскиді киіп кету керек мектепке. Алдымен табылсыншы сол нәскиі 
құрғыр. Табылды болды —
аяққа сұға
сап жөнейді. Уәде бердің екен, қайтсең де орындауың керек. 
Ал Бауыржан —
сөзіне берік бала. Бас
-
аяғын байыптай алмай, елді сәл
-
пәл дүрліктіріп алғаны
болмады, әрине.
ЖӨНДЕЛГЕН АҚАУ
 
 
Аспанды күздің ауыр ақсұр бұлттары торлай бастаған кезде Бауыржандардың
үйінің жанынан, 
дәлірек айтқанда, оңтүстік
-
батыс іргесінен көлденең тартып салынған жаңа үй пайдалануға беруге 
дайын болды.
Үй
салу деген, әрине, оңай шаруа емес. Ең алдымен, аумағы кішігірім стадиондай жер 
тақтаймен қоршалынды. Сөйтті де, екі экскаватор, бірнеше ауыр жүк көтеретін машиналар іске 
кірісіп кеп кетті.
Мотор үні таңның атысынан күннің батысына дейін бір тынбай, әне
-
міне дегенше 
үлкен шұңқыр қазды. Содан соң шұңқырдың жағасына ұзыннан
-
ұзақ темір жол төселіп, оның 
үстіне
сорайған көтергіш кран іске жегілді, күні бұрын дайындалып жеткізілген ірге тас бір
-
біріне 
кіріктіріліп, қалана бастады. Енді бір қарағанда үйдің қабырғалары өріліп, қаланып, көтеріліп 
жүріп берді. Әрі қарай есік
-
терезе салынып, өрлеу
-
сырлау жұмыстары қолға алынды. Үйдің 
төңірегі көріктендіріле бастады.
Осы жұмыстың бәрі артта қалып,
құрылысшылар етек
-
жеңін жинай бастаған. Артық
-
ауыс 
құрылыс материалдары тасылып әкетіліп, қажеті жоқ техника азайған. Өстіп жатқанда, кешке 
қарай күздің алғашқы жаңбыры жауды. Жаңбыр жауған соң, әлбетте, жаңа
-
ескі деп қарамай, үй 
біткеннің бәрінің шатырынан су саулайды. Мына жаңа үйдің де шатырынан
сансыз тамшылар 
төмен қарай жамырай құлаған.
Жаңбыр құйып бергенде, аулада ойнап жүрген балалардың бәрі үйді
-
үйіне қашып тығылған. 
Бауыржан мен Талғат та сөйткен, бірақ екеуі де үйлерінде тағат тауып
отыра алмай, балкондарына 
шыққан. Екеуінің балконда
ры қатар. Әр нені айтып мәз болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет