жақсылыққа апармайды: жалғыз қаласың. Ертең бара салысымен апайыңнан да, жолдастарыңнан да
кешірім сұра.
Өйтпеске
шара қайда, апасының айтқанының бәрі рас.
Ертеңіне Бауыржан мектепке бетінен басқандай болып әрең келді. Мұның кеше кешірілмес іске
барғанын бәрі білетін сияқты. Не болса соған қуыстанып, зықы шықты. Бәрі Бауыржан қайтер екен
деп, әліптің аяғын бағатын тәрізді. Неше рет апайдан кешірім сұрауға оқталып еді, батпады. Жөнді
бір оңтайы келмеді.
Бар болғаны оқтын
-
оқтын Талғатқа ұрланып қарай берді. Бірнеше рет көзіне
көзі түйісіп қалып еді, неге екенін, ол емес, бұл тайқып кетті. Кінәлі адамның күні құрысын!
Осындай мәре
-
сөре күймен
соңғы сабақ та бітті
-
ау! Қоңырау үні естілісімен,
балалар жапа
-
тармағай дәптерлері мен кітаптарын жинауға кіріскен.
Осы сәт Рахима апай оң қолын сәл көтеріп:
-
Балалар, сәл аял қыла тұрыңдар,
—
деді. Сынып тына қалды.
Бауыржанның
өкпесі аузына
тығылды. —
Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. Әсіресе Талғат бастаған балалар
ерледі.
Бауыржанның ауырып қалғанына
қарамай, олар жууға тиісті парталарды дер мезгілінде
айнадай етіп жарқыратып
қойды. Мен оларға рақмет айтамын.
Бүкіл сынып қол шапалақтап жіберді. Бауыржан
ғана қосылмай төмен қараған күйі портфелін
шұқылап отырып қалды.
-
Ал енді бүгінгі кезекші тақтаны сүртіп, бірен
-
саран
былғанған парта болса, соларды ғана
жуып қойса, жарар.
Мен қазір келем, —
деп апай орнынан қозғала берген.
-
Апай! —
деді Бауыржан. Рахима Тұрсынбайқызы жалт қарады
.
-
Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы!
-
Неге? Кезекші ме едің?
-
Жоқ. Кеше... Ке
-
кеше, м
-
мен өтірік ауырып ем.
-
Қой
!
-
Шын, апай! Бір жолға кешіріңізші! Бүкіл
сынып кешірсін! Апам кешірім сұра деп еді.
-
Апаң болмағанда сұрамайтын ба едің?
-
Сұрайтын едім.
-
Бәсе! Қайтеміз, балалар? Бауыржан жусын ба парталарды?
-101-
-
Жусын!
Бауыржан жалт қарады. Талғат разы болып күліп тұр. Бүкіл сынып шулап қоя берді:
-
Жусын, жусын!
-
Жарайсың, Бауыржан!
Кешке дейін еңсесін басқан зіл қара тас серпіліп, Бауыржанның тұла бойы жеңілдеп сала берді.
Достарыңызбен бөлісу: