жүрек тоқтатты. Сол сәт жанынан шашын ақ қырау шалған жайдары жүзді ұзын бойлы
ағай өте
берді.
-
Ағай, —
деді Бауыржан.
Ағай жалт қарады.
-
Иә, балақай, бірдеңе айтайын деп пе едің?
-
Ағай, сіздердің жұмыстарыңызда бір ақау бар!
Соны айтайын деп ем.
-
Иә, міне, қызық! —
Ағай мырс етіп күліп жіберді. —
Ол не? Айта ғой.
-
Айтсам, кеше жаңбыр жауғанда анау бұрыштан қабырғаны бойлап су ақты.
-
Е
-
е, мынауың дұрыс екен. Кәне, көрсетші.
Ағай
мен Бауыржан кешегі су аққан бұрышқа келді. Тамшының ізі,
байқап қарағанға, ептеп ақ
сора болып көрініп тұр.
-
Әне,
ізі көрініп тұр ғой, —
деді Бауыржан.
-
Көрдім. Мұның дұрыс екен. Бұл —
нағыз ақау. Жаңбыр жауған сайын бұл жерден су саулап,
ең алдымен үйдің сәнін кетіреді, содан соң, әрине, сылағы түседі, кірпіші мориды.
Атың кім,
айналайын?
-
Бауыржан.
-
Мен —
Бейсенбек деген ағаңмын. Бауыржан, сен бір болайын деп тұрған бала екенсің,
айналайын. Бізге үлкен жақсылық жасадың. Шифері сынған ғой. Біз осы күйі
өткізіп кеткенде,
күні ертең тұрғындар ренжитін еді. Сен бізді жұрт наразылығынан күні бұрын құтқардың. Көп
-
көп
рақмет! Азамат екенсің! Бала деген осындай болуға керек қой. Өркенің өссін!
Бауыржан ұялып,
қып
-
қызыл болып кетті. Не қыларын білмей тұрып қалды.
-
Ағай, мен кеттім, —
деді әрең дегеңде
.
-
Бара ғой, қалқам. Біз қазір сен айтқан жерді түзейміз.
Бауыржан келе,
балконға шығып алып, жаңа үй жақтан көз алмай қарап тұр. Көп ұзамай
-
ақ
шатырға екі аға шықты. Екеуі тура кешегі су аққан жерді бір отырып, бір тұрып, қарай бастады.
Бауыржан дереу ішке еніп, Талғатқа
телефон соқты.
-
Алло, —
деді Талғат.
Талғат, балконға шықшы. Қара, кешегі жерді жөндеп жатыр.
-
Қойшы, ей!
-109-
-
Шық, көр.
Бауыржан мен Талғат
балконға жүгіре
шыққанда, құрылысшылар сынған шиферді
шығарып тастап, жаңасын қағып жатқан.
Мен көрсеткен ақауды жөндеп жатыр.
-
Ой, пәле
-
ай, көрмейтінің жоқ! Жүр,
жақын барып көрейік, не істер екен?
-
Жүр.
Бауыржан мен Талғат жаңа үйге қарай жүгіріп бара жатты.