Біраздан соң үлкен
бір сона ызындап кеп, атайдын бетіне,
мойнына тиіп
-
тиіп өтті. Атай бар
болғаны мойнын ішіне алып, тыржың ете қалып, жұмысын жалғастыра берді. Көлеңкемен бірге
алаңқайға қалың шыбын
-
шіркей келді, бөрі атайдың басын айналып
ұшады, өлермендері көзіне
кіріп, мазасын алды. Күннің
қызуынан да, сонаның ызыңынан
да, шыбын
-
шіркейдің жабылғаны
жаман еді, алайда, атай елең қылар емес, таласа талай берсін, не қылар дейсің деген сыңайы анық
байқалып тұрды.
Шыбын
-
шіркей маған да кіріскен. Бірақ мені қойшы, аяқ
-
қолым бос, бір секірсем,
зып беріп
үйге кіремін де
кетемін. Ал атай шыбын
-
шіркей тұрмақ, олардың көкесі жабылса да жұмысын
тоқтатар
емес.
Мен қорадан секіріп түстім де, қолыма қабырғаға сүйеулі түрған жалпақ күректі ала салып,
ерсілі
-
қарсылы сілтеп, шыбын
-
шіркейді жасқап қуа бастадым.
-
Ой,
жолың болғыр, мұның нең? Тоқтат!
Мен кілт тоқтадым. Менің көмекке келгеніме қуанудың орнына зекігені несі атайдың?!
Атай менің өңім бұзылып кеткенін көрді,
ренжіп калғанымды
сезді.
-
Әй, балам, өйтіп ожырайма. Бұл Кербұлақтан ел кеткелі жер ғана емес, ұшқан құс, жүгірген
аң да жетімсіреп қалды. Сона соратын, шыбын
-
шіркей шағатын адам
да, мал да жоқ. Сонда бұлар
мені айналдырмағанда
кімді айналдырады? Тиме сорсын, шақсын мені.
Мен түсінбейтін жай енді тіптен көбейді.
-
Сонда қалай?..
Әрі
қарай аузыма сөз түспеді.
Жақсы болғанда сөзімді Ахметжан атайдын өзі іліп әкетті:
-
Біліп қой, бұл Кербұлақ жетімсіремеуі керек. Мен күніге күнге борсып, басы
-
көзімді маса
-
сонаға
сорғызып бостан
-
босқа отыр дейсің бе мұнда? Мына алаңқайға су сеуіп, сыпырғышты
сілтеп
-
сілтеп сыпырып тастауды білмейді дейсің бе мені? Жо
-
о
-
оқ, білемін.
Елі кеткен
Кербұлақтың мына кішкентай бір қолтығында өмір нышаны ұзағырақ білініп тұрсын деп шөп
-
шаламды әдейі жалғыз шыбықпен түрткілеймін. Сендер де қарап жүрмеңдер,
Кербұлаққа бір
пайдаларыңды тигізіңдер.
-
Сонда не істеуіміз керек?
Достарыңызбен бөлісу: