Апам сүтті пісіріп қой деген.
Соған отын алайын десем, ырылдайды. Отынға жолатпайды. Мен
одан қорқам. Сен қуып жіберші.
-
Мақұл, жүр.
Айжан —
Асқардың көршісі, екеуі түйдей құрдас
—
сегізде. Екеуінің де шешесі ұжымшардың
қызылшасында істейді. Сүт пісіру, түсте апалары келерде шай қайнатып қою —
Асқар мен
Айжанның үйреншікті жұмысы.
Апалары:
-
Бір
-
біріңе бас
-
көз болындар. Ұрыспай ойнаңдар,
-
деп кетеді жұмысқа. Апалары айтсын
-
айтпасын, онсыз да
екеуі —
тату достар. Бір
-
бірінен көмектерін аяған күні жоқ.
Асқар Жолдаяққа
ыза боп келеді. «Қап, мынаның басынуын қарай көр, ей. Көрсетейін мен оған.
Осы қыздар да
қызық, не болса содан үркіп тұрады. Әйтпесе сол жаман иттен де адам қорқа ма?» Асқар көшеден
жұдырықтай
-
жұдырықтай үш тас алды. Басқа жер жетпегендей
-
ақ, Жолдаяқ бір арқадай жусанның
үстінде бүк түсіп жатыр. Үлкен саялы талдың көлеңкесі оны күннен қалқалап,
өзінше бір рақат
дүние тауыпты. Бірақ отын да керек қой!
-
Кет, ей.
Кет, жоғал!
Жолдаяқ «мына балаға не жоқ» дегендей, міз бақпай
жатқан күйі Аскарға ала көзімен ата
қарады
.
-
Кет! Тұр, бар!
Жолдаяқ былқ етпеді. Асқар таспен жіберіп ұрды. Тас тимей кетті.
-
Ыр
-
ыр
-
р!
Жолдаяқ басын көтеріп ап, тісін
ақситып айбат көрсетті. «Енді ұрсаң, қолыңда өлем» деген
түрі бар.
Асқар сәл сескеніп қалды.
-
Ей, мынау қайтеді, ей!
-
Асқар, қой!
Енді ұрма, қауып алады.
-
Қапса, қапсын. Қайтсем де қуып жіберемін!
Асқар да қасарысып алған. Дәлдеп тағы ұрды. Тас зу
етіп барып,
Жолдаяқтың
жон
арқасына тиіп, жерге домалап түсті. Жолдаяқ арс етіп жүгіріп барып, тасты бір қауып алды да,
желке жүні дүрдиіп, ашулы кейіппен Асқарға ұмтылды. Мұңдай
оқыс қимыл күтпеген
Асқар
қапелімде үрейленіп, бұрылып қаша жөнелді. Сол
-
ақ екен, тасқа сүрініп, етбетінен түсті. Асқар
орнынан қайта
тұрамын дегенде, ит оның балтырынан бір қарпып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: