ресіңдер», —
деп қызғыштай қорып, қуып шығады. Міне, енді Тайжанның сол айтқаны болды.
Жұмаш не
істерін білмеді, ештеңеге қолы барар емес. «Әліппесін» өрі
-
бері аударыстырған
болды. Оқи алмады.
-
Шұқшиып қағаздан
басқаға қарамайсың. Бала деген бір мезгіл үй шаруасына да қарайласуы
керек қой. Тұр, су әкел. Кешкі тамақтың қамына кірісетін уақыт
болып қалыпты
.
Әжесі
пештің жанында жүн түтіп отыр еді. Осыны айтты да, шашылған жүнін жинастыра
бастады.
Жұмаш мойын ағашпен суға келе жатыр. Амалсыз бұзау сарайдың алдынан өтеді. Жолы —
сол. Арба бос тұр. Іште бұзауларға шөп салып жүрсе керек, Тайжан көрінбейді. Жұмаш арбаға
қатарласа берді.
Дәл сол мезетте, қолында айыры, Тайжанның шыға келгені:
-
Әй, Жұмаш, тоқтай қал. Терезені құртқан сендер ме?
-
Жо
-
о
-
оқ.
-
Апырай, ә! Сиырдың мүйізі тиіп кетті ме екен? Демнің арасыңда көзі үңірейіпті де қапты.
Жел улеп, жас бұзаулар бүрсеңдеп тұр. Шөппен тығындаған болдым. Үйлеріңде
ескі әйнек
немесе фанер
тақтай бар ма? Бірдеңе қып мықтап бітемесе, бұзауларға суық тиетін болды түнде,
—
деп Тайжан шашылған шөпті тырмалай берді.
Ыңғайы бұлардан көрмеген сияқты. Бірақ Жұмашқа Тайжанның сөзі
қатты батты.
Анада
алғашқы қарда, он шақты бұзау суық тиіп ауырғанда,
мал дәрігері бес
-
алты күн жатып емдеп,
әзер жазған. Қазір суық тиіп ауырса, қырық
-
елуі бір
-
ақ ауырар. Оған кінәлі Әділ екеуі емес пе?
Әділ болса, бүлдіріп алып, үйінен шықпай қойды. Тайжан сұраған ескі әйнек, фанер тақта бар ма
еді? Жоқ. Көзіне түскен емес. «Әй, осы «Әліппемнің» қабы тура келмес пе екен? Ол да сынған
көз сияқты сопақша еді. Не де болса, соны салып көрейін».
Жұмаш өзеннен су әкеле жатып, Тайжанның арбамен сиыр сарайды айналып кеткенін көрді.
Неге кетті? Жұмаш оны біледі.
Бұзаулардың астына
төсейтін топан әкеледі.
Жұмаш суды үйге кіргізе салып, «Әліппесін»
қойнына тығып, бұзау сарайға қайта келді.
Текпішекке шығып, «Әліппесін» сынған көзге туралай қойып еді, дәл бір өлшеп
-
пішіп қойғандай
қона кетті. Жұмаш ойланып тұрмады, «Әліппесінің» қабын жұлып алып,
әйнек көзін
Достарыңызбен бөлісу: